Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
немесе айдың, күннің аманында өрістегі малға оқ атылды деген не сұмдық!
І л г е р і д е : « О й б а й , А й д а р х а н келе жатыр» десе, үлкен де, кіші де бұқпантайлап үйіне тығылатын. Сөйтсек, біз ойлағандай ол кісі жаналғыш әзірейіл емес екен. Бала болған соң «бүжәй» десе де қорқамыз ғой, ал, ол кісінің кейде жүрегі қысылғанда жанын қоярға жер таппай атына мініп алып, айқайға басып, үкідей ұйысқан ауылды шыр айналып шаба береді екен. Одан соң әр үйелмен кеш батты болды терезені тұмшалап, есікті қымтап алатын. Сондағысы: «Ұры келіп қалмасын» деп сақтанғаны ғой деймін, тегі баяғы шарбақ қоршауды алып тастап, жұрттың көпшілігі биік-биік дуал соғып алған ғой. Сонда да ұры айласын асырып, қорадан да, өрістен де жұрттың тірнектеп жиған малын әкесінікіндей-ақ, әкетіп жатыр.
Бұл ұры шіркіндерді «көрдім, білдім» деген бір жан жоқ-ау, сірә, бір жан жоқ. Осыдан оншақты жыл бұрын осы «Жыландының» арғы ж а ғ ы н д а ғ ы « А у ғ а м б а й д а н » б і р жауырыншы шығып, ұрылардың қай тұста екенін айнытпай тауып беріп отыратын көрінеді. Әлгі баукеспелер оның да жағын қарыстырып, сабап кетсе керек. Содан бері «ұрыны көрдік» деген бір сыбыс жоқ. Сонда полиция қызметкерлері оларды қалай ұстап жүр? Ел ішінде: «Полицейлердің өздері ұрылармен сыбайлас, әйтпеген күнде неге табылып тұрған ұрының беті ашылмайды?»дейді.
Иә, кімнің аузына қақпақ боласың, бірақ батысы Шымкенттің Қарабұлағы, шығысы Қырғыздың Шалдуары, қала берді асу бермес Алатауды да, Солтүстіктің үскірік боранына да міз бақпай ақ қар, көк мұзда басын бәлеге байлап жүрген баукеспелер бар. Ұрлық жасау олардың қанына сіңген әдет, қала берді айықпас ауру ма дерсің. Ілгеріде түйені түгімен жұтатын қарақшылар да болған. Алайда ол кездегі барымташылық пен қазіргі ұрлықтың он қайнаса сорпасы қосылмайды. Өйткені қазіргілердің астында жүгірсең жеткізбейтін қазіргі заманның «Мерседес» сияқты жүрдек көліктері бар. Олар көзді ашып, жұмғанша апталық, айлық жерге жетеді.
Десек те, полицей ағайындар ай қарап жүрген жоқ. Солардың қырағылығының арқасында лақап аты бар атышулы «Сопақ» ұры ұсталды. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, подполковник Досмырза Алашбаев тағы да өзінің із кесушіге тән түйсігінің арқасында айлық алыс жерден келе жатқан суық қолды ұрыларды құрықтау кезінде табандылық көрсетті. Оқиға былай болған еді…
Луговой кентінің тау жағындағы «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» тас жолы өтетін көпірдің астыңғы тұсында түнгі күзетте тұрған автомобиль инспекторлары қаңтар айының онынан он біріне қараған түні сағат таңғы жетілер шамасында мемлекеттік нөмірі «605- 00А-08» қызыл түсті «Опель-Пантерра» «джип» автокөлігін тоқтатады. Жамбыл облыстық патрульдік жол қызметінің өкілдері машинаны тексере келе оның жүк салғышынан терісі сыпырылмаған сиырдың етін тауып алады да, дереу Құландағы аудандық ішкі істер бөлімінің б а с ш ы с ы н а телефон соғады. П о д п о л к о в н и к Д о с м ы р з а Алашбаев жедел к е з е к ш і т о п құрып, сезіктілерді қ ұ р ы қ т а у ғ а п ә р м е н б е р е д і . Алайда, күдікпен полиция бөліміне әкелінген атақты ұры «Сопақтың» машинада отыруы Досмырзаны таң қалдырады. Осыған дейін он жыл мерзімге кесіліп, абақтыда отырған, неге екені белгісіз бес жыл мерзімін ғана өтеп, 2018 жылдың 5 маусымында бостандыққа шыққан Сейітбек Сейдуақұловтың мына жүрісі бөлім басшысына тым ерсілеу көрінеді. Оның үстінен жазылған арыз да жоқ. Әдетте мұндай жағдайда қандай сезікті болса да полицейлер оны босатып жіберетін. Бірақ Досмырза оны жібермеді. Күн жұма болатын. Барлық күмән туғызатын заттарды, қасап пышағын, терісі сыпырылмай балтамен асығыс шабылып, машинаға тией салынған етті, қан шашыраған киімдерді суретке түсіріп, айғақтап, қағаз толтырып, болған соң «Сопақтың» алдына келді. Ал, ол болса әкесінің үйінде отырғандай, екі бұтын екі жаққа созып жіберіп, сәлеміңді де алмай шіренеді. Тәйірі: «Мені не қыласың?» дейтін сияқты.
Досмырза күдіктілерді полиция бөліміне алып келген кезде-ақ, Меркі мен Мойынқұм аудандарындағы әріптестеріне: «Төрт сиырдың тушасы бар машина ұсталды» деп хабар берген. Облыстық департамент басшысын да хабардар еткен. Қазіргі ақпараттық техниканы қойсаңызшы, бір-екі сағатқа жетпей «Сопақтың» ұялы телефонының Буырылбайтал маңында қаңтардың 11-не қараған түні байланыс «құрығына» түскені анықталды. Көп ұзамай Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы осы ауылдың Алтынбай Ахметов деген азаматының біреулер өрісте жүрген жеті сиырын атып кеткені туралы асыға-аптыға хабарлады.
Сөйтіп, менменсіген ұрылар мықтап құқық қызметкерлерінің қолына түсті. Айта кетейік, Сейітбек (Сопақ) Сейдуақұлов Жарлысу ауылының азаматы. 2013 жылы үйір-үйір жылқы ұрлағаны үшін ұсталған. Сол кезде ауылдастары оны соққыға жығып, Жарлысудан қуып жібереді. Сөйтіп, ол Ақыртөбеге көшіп барады. Он жылға сотталған ол ақша төгіп, жазалау орнынан бес жыл мерзім бұрын босап шығып, Ақыртөбеге келеді. Осы жолы ол Буырылбайталға жалғыз бармапты. Оның жанында бұрын сотталған осы ауылдың тұрғыны Мұхамбет Әбдіхалықов пен тағы бір адам болады.
И ә , у а қ ы т ө т к е н с а й ы н у ы н сорғалатып, тебінгісін тесіп, текеметін т і л і п ж а т с а д а м ы ң қ е т п е й т і н безбүйректер болады. Арлан көкжал терісін тірідей сыпырып жатса да дыбысын шығармай тұра береді екен. Сонда ұры-қарының көксегені не? Мойынқұм аудандық соты ұрыларға, атап айтқанда С.Сейдуақұловты (лақап аты Сопақ) 4 жыл 8 ай шартты мерзімге, оның сыбайластарын 3 жыл бес ай шартты мерзімге кесті.
«КТК» телеарнасы Буырылбайталда жайрап жатқан жеті зеңгібабаны көрсетті. Не деген қатыгездік десеңізші, сол сиырлардың ішінде сауылатындары да бар шығар. Баласын ақпен асырап отырған аналарға мұндай қатыгездік ауыр тиетіні анық. Иә, оның бетін аулақ қылсын, айдың, күннің аманында өрістегі малға оқ атылды деген не сұмдық!
С.ШАМҰЛЫ,
Мойынқұм ауданы.