СОЛТҮСТІК ӨҢІРГЕ КӨШУ – ЖҰМЫС КӨЗІ

733 Views

Үкіметтің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша біздің ауданымызда да ыждаһатты әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Солтүстік пен Шығысқа бет түзеген көшпен бірге кеткендердің алды жеке басына үй алып, мемлекеттік жәрдемақымен қамсыздандырылды. Бәрінен бұрын оларға барған жерінде жұмыс берілді ме? Бұл туралы ақпаратты алып отыруды өзімнің басты парызым деп санаймын. Мәселен, өткен жылы осы Құланнан көп балалы отбасы Гүлжан Таңатарова көшкен болатын. Ал, биылғы жылға 12 үйелменді көшіру жоспарда бар. Қазірдің өзінде олардың үшеуі діттеген жеріне жетіп, орнығып алды. Тағы да екі жанұяның құжаттары рәсімделу үстінде.

Біз олармен үзбей байланыста боламыз. Мүбәрәк Тағановамен байланысқанымызда ол Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Ж ұ м а б а е в а у д а н ы н а б а р ы п орналасқанын айтты. Жергілікті әкімшілік 1 миллион 800 мың теңгеге оларға баспана сатып алып беріпті. Мүбәрәктің күйеуі өзінің бригадасымен құрылысқа кіріпті. Ал, өзі емшектегі баламен үйде отырса керек. Бұларға барған соң бір миллион жиырма мың т е ң г е ж ә р д е м а қ ш а б е р і л і п т і . Телефонмен байланысқанымызда олар: «Жағдайымыз жақсы» деді. Бұдан басқа екі отбасының да жағдайы жаман емес көрінеді. Мәселен, Гүлайым Байменова өзінің шаңырағындағы бес адаммен Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданына қарасты Жұлдыз ауылына барып қоныстаныпты. Ал, Айымжан Кенжеғұлова болса төрт отбасы мүшесімен бірге Қостанай облысындағы Рудный қаласынан үй алып, мемлекет тарапынан берілген жәрдемақыны еншілеп, барған бетте жұмысқа кіріпті.

Мемлекеттік бағдарламада көрсетілгендей жоғарыда аты аталған жанұя Отан лар Үкіметтің қамқорлығына бөленіп отыр. Иә, біздің менталитетіміз бен ғасырлар бойы қанымызға сіңген ата салтқа деген көзқарасымыз бізді өз үйімізден ұзап кетуімізге кедергі болып отырғанын несіне жасырамыз. Осынау ықылымнан бері келе жатқан қасаң қағида талай отбасылы болған жастарымыздың кең байтақ еліміздің түкпір-түкпіріне кетіп өзінің нәсібін кәсібінен табуына қолбайлау болып отыр ма деп ойлаймын. Әйтпесе, жоғарыда аты аталғандардың бәрі де жас отбасы мүшелері ғой. Ал, Елбасы айтқандай жаңғыруға жастар шекеден қарамауы тиіс. Дәлірек айтқанда «бабалардан мирас болып, қанымызға с і ң г е н , б ү г і н д е т а м ы р ы м ы з д а бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» екен. Бүгінде шаруа қожалықтарының жетекшілерімен сөйлесе қалсаңыз болды: «Малымды баққызатын малшы таба алмай жүрмін» деп шалғайыңа жармасады. Ал, өздерінің малшыға ауызжарымайтын ақы төлейтінін, содан барып қойшы мен жылқышының көп тұрақтамайтынын біле ме екен? Мәселен, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы, Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев қожалыққа мүше болып кірген шопанға алғашқы кезде 150 мың теңгеден ақы төлейді. Ал, егер шаруасына жауапкершілікпен қарап, өзіне бекітіліп берілген малды талан-таражға ұшыратпай, ішімдікке салынбай, ісіне адал қараса сегіз жыл өткен соң ол 450 мың теңгеден табыс табады екен. Жұмыстың көзін таба білудің қаншалықты маңызды екенін осыдан-ақ, ұғынуға болады. Ал, мемлекетіміз нәтижелі жұмыспен қамтудың тиімді бағдарламасын ұсына отырып, жастардың өз кәсібін еңбектен табуына жарқын жол ашып берді. Ендеше, «жұмыс істеймін» деген адамға екі қолға бір жұмыс табылады.

Айхан НАЗАРБЕКОВ,

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің бас маманы.

Поделиться ссылкой: