КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ ЖЕТКІЗЕР ЖОЛ

703 Views

Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп , оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алдымен экономика, одан кейін саясат» деп тәуелсіздіктің берік іргесін қалыптастыру кезеңінде айтқан сөзінің өміршеңдігі дәлелді дәйектермен қуатталып келеді. Себебі, 2050 жылы бәсекеге қабілетті озық елдердің қатарында болу, түрлі сын-қатерлерден сүрінбей өту үшін экономикамыздың тұрақты дамуы еліміздің әлеуетін одан әрі ұлғайтпақ. Осы ретте, тұрғындар Қазақстанда қолға алынған үдемелі индустриялы-инновациялық жобалардың көптеп іске асырылуына өз ризашылықтарын білдіруде. Ең бастысы, көпұлтты Отанымыздың ынтымағы жарасып, бейбіт өмір сүру үшін ерінбей еңбектеніп, бүгінгі күні қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын іске асыру жолында жұдырықтай бірлесе жұмыс атқарудың қажеттігі басты назарға алынған. Себебі алдыға қойған мақсат айқын.

«Қазақстанның алтын қоры – жастар». Бұл Елбасының сөзі. Ұрпағымыздың келешегі баянды болуы үшін біздің жастарымыз б а с т а м а ш ы л б о л у ы м ы з к е р е к деп есептеймін. Сонда ғана Ұлт Көшбасшысы межелеген отыз елдің қатарына алқынбай енетініміз анық. Қазіргі таңда жастар саясатының түп қазығына айналып отырған «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының алар орны ерекше. Ауданымызда «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен жастарды белсенділікке тәрбиелеуге, қоғамдық жұмыстарға тұрақты араласып, өздерін жан-жақты дамыту барысында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

«Жас Отан» ЖҚ мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясының іс-шаралар жоспары бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік қол ұшын созу, «Кедергісіз келешек» атты жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық таныту, жетім балаларға рухани, материалдық қолдау көрсету, жалғызбасты қарттарға және аналарға көмек қолын созу, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға атсалысу с ы н ды б а ғ ы т т а р д а ж ұ м ы с т а р жүргізуде.

Жастар арасында кездесетін түрлі қиындықтар мен олардың алдын алу мақсатында жат әдеттерден аулақ болуға шақыратын, салауатты өмір салтын насихаттауға, көшедегі арықтарды, кездейсоқ күл-қоқыстарды тазарту, ретсіз өскен ағаш бұтақтарын кесу жұмыстарына да «жасотандықтар» көптеп тартылуда. Қорыта айтқанда, қоғамда маңызы бар іс-шаралардың басы-қасынан жастарымыз тыс қалған емес. Еліміздің егемендігін айқындайтын Мемлекеттік Рәміздер күнінен бастап, маңызы бар айтулы мерекелердің барлығына да жастарымыз атсалысып жүреді. Барлық күш-қайраты мен жастық жігерін Тәуелсіз Қазақстанның дамуына жұмсайтын жастарымыздың бүгінгі беталысы осындай. Болашақтың баянды болуы да өздерінің қолында екенін сезінеді жастар. Және сол жолда аянбай еңбек те етіп жүр.

Мұрат СВАНОВ, Луговой ауылдық

округінің әкімі.

Поделиться ссылкой: