Наурыз көже – ынтымақтың дәнекері
18 ViewsНаурыз мерекесінің басты тағамы – «Наурыз көже» екені мұқым қазаққа белгілі. Негізінде, «Наурыз көженің» тарихы туралы ел ішінде көптеген деректер айтылады. Шағын ғана мақаламда…
Інжілде Соломон яғни, Иудей патшасы (928-965 ж) Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы Алланың әмірімен түгел қаза болғаны туралы аңыз айтылады. Сонда да Дәуіт (ә. с.) пайғамбар сабыр сақтап, Тәңіріне құлшылық жасай беріпті. Сөйтіп, Алла Тағалам оған отыз ұлға татитын Сүлейменді берген екен. Сол Сүлеймен пайғамбар аң мен құстың, жан-жануардың тілін біліпті. Біздің әңгімемізге арқау еткелі отырған Бекқұлы ағамыз «шыр» етіп жарық дүниеге келген соң әкесі Әлі көп ұзамай фәни дүниеге аттанады да шешесі Нақбаланы ағайындары қазақы салтпен қайнысы Нұралыға қосады. Құдайдың құдыретін көрмейсіз бе, осы Нақбала апа он үш құрсақ көтереді.
– «Менің шешем Күлшетай да он үш құрсақ көтерген кісі. Ол кез зар заманнан жұрттың запы болған өлара мезгілі еді ғой. Шешемнен он бала, ал, енемнен сегіз нәресте шетінепті. Екі анамыз да 100- ге келіп, шын дүниеге аттанды. Есесіне артында біз қалдық. Баласы өле берген соң анам менің ныспымды «Тұрсын» қойыпты. Онысы: «енді балам шетінемесін»дегені екен ғой. Құдайдың бізге деген «көзі» түзу болды ма, мен Бекқұлы ағаңнан үш қыз бес ұл көтердім, олардың екеуі егіз болды. Бәрі де дін аман, шаңырағымыздың қуанышын толтырып жүріп жатыр. Әйтпесе, олардан 28 немере мен төрт шөбере сүйер ме едім? Бұл да болса Алланың бізге көрсеткен рақымы шығар» дейді Тұрсынкүл жеңгей «Мерейлі отбасы» байқауынан келген күні бізге берген сұқбатында.
Ө з і м ы н а у Б и л і к ө л м а ң ы н д а ғ ы Майтөбенің қызы екен. Бес биенің сабасындай болған алтын құрсақты ана мед училищені тауысып, сонау 1967 жылдары Жаңатұрмыс ауылындағы Әлі қарттың босағасын аттағалы бері алғаш ауылдың ауруханасында он бес жыл бел жазбай мейірбике болды. Кейін жолдасы көрші Каменка ауылына қызмет бабымен ауысқан соң «Солнышко» санаторийінде он бір жыл үзбей тағы да сол мейірбикелік қызметін одан әрі жалғастырды. Жұмыстан қол үзбей жүріп омырауына «Ана Даңқы» орденінің күміс пен алтын белгісін тақты. Мерейлі отбасы атанып, республикамызда алтыншы мәрте өтіп отырған байқауға қатысуына жұбайы Бекқұлы ағай себеп болған. Оның да жөні бар еді. Өйткені, өткен жылы республикалық байқауда бас жүлде алып, машина мінген Өмекең — Ө.Ниязқұлов өзінің замандасы. Тәуекелге бел буып, сегіз отбасымен байқауға қатысуының да себебі сол еді. Енді міне, ерлі-зайыпты екеуі ойламаған жерден төрт отбасымен бірге байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алып отыр.
Ендігі әңгіме Бекқұлы Әліұлының өзі жәйлі болмақ. Өйткені Бекеңнің қоғамымызға сіңіріп жүрген еңбегі ұшан теңіз. Өзі тарихшы-өлкетанушы, сонау 1970 жылдан бері қан майданда қаза тапқан жауынгерлерді іздеп, солардың дерегін жинап келеді. Бәрін де басынан бастайықшы…
– Мені Ташкенттегі инженерлік-көлік институтында оқып жүргенде әскер қатарына алып кетті. Әскерден келген соң оқушыларға дене тәрбиесі мен бастауыш әскери дайындық пәнінен дәріс бердім. Ал, 1985 жылы Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы мектебіне тәрбие ісі бойынша завуч болып келдім. Міне, сол кезден бастап Брест қорғаушыларын деректеп, іздестіре бастадым. Қамалды қорғауға қатысқан 128 жамбылдықты таптым. Бұл еңбегім кейін «Бресткая крепость. 1941 год»деген кітапта жарық көрді. Сонымен қатар халықаралық әскери энциклопедияның «Даңқ» атты галереясына енді. Маған арнайы диплом мен медаль тапсырылды. Одан соң Ленинград-Новгород сапарын деректеу барысында 235 жамбылдық жауынгердің есімін ескерткіш-тақтаға жаздырдым. Ал, Волокаламск, Зубцовск, Ржев, Великие Луки, Небель, Смоленск, Орел, Курск сапары нәтижесінде де 400-ге жуық жерлесіміздің есімдері ұлықталды. 2014 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасадым. Бұл маған ТМД ізшілдерінің Курск форумына қатысуыма жол ашып берді. Сөйтіп, 71 жылдан соң Кеңес Одағының Батыры А м а н т а й Д ә у л е т б е к о в т ы ң К у р с к облысындағы Понери селосындағы қабірін таптым. Даңқты мерген Ыбырайым Сүлейменовтың ерлік істері жайлы «Тағзым» атты деректі фильм түсірдім. 2016 жылы Брест қамалы мұражайының шақыруымен қамал қорғанысының 75 жылдығына орай қорғаушылардың он ұрпағын бастап Брест қамалына келдім. 25 мың адам қатысқан осы шара кезінде 56 жамбылдық жауынгердің портретін көтеріп, қамал көшелерімен өттік.Осы жолы «Брест қорғаушылары» атты фильм түсіріп қайттым.
Сталинград шайқасына қатысқан жамбылдық 1075 жауынгердің тізімін осы жолы ұсындым. Мамаево-Кургандағы ескерткіш-белгінің ашылу рәсімінде қазақ топырағы салынған құтыны жер қойнына тапсырып қайттым. Дәл сол кезде «Сталинград шайқасына – 75 жыл» фильміне түстік, — дейді Бекқұлы ағай. Бекеңнің Ресей жеріндегі болған сұрапыл соғыс туралы әңгімесі түгесілмейді. Ол көзбен көргендерін талай аудиторияда жыр етіп айтып беріп жүр. Оның сонау 70-ші жылдардан бері алған Құрмет Грамоталарының тізімін жасасақ, бір газет бетіне сия қояр ма екен. Дегенмен оның КСРО ДОСААФ, Қазақ ССР –ы мен КСРО оқу-ағарту министрі мен Қарулы Күштері Орталық мұражайы берген мадақтаулары өзінше бір төбе. Бекқұлы Әліұлы 1995 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» атанды. Ал, 2015 жылы оған Тұрар Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. Облыс пен аудан әкімінің, республикалық арадагерлер қоғамдық кеңесінің грамоталарымен қоса 2018 жылы оған «Қазақстан Республикасының үздік өлкетанушысы» төсбелгісі, республикалық «Аманат» қоғамдық сыйлығы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі берілді. Осының барлығы осынау мазасыз жанның жылдар бойы сапарларда төккен ізденістерінің өтеуі деу керек шығар.
Бұл Бекең Брест барды, Мәскеу барды,
Бірталай майдангердің қолын алды,
Қан майданда соғысқан қазақты іздеп,
Белгісіз солдаттарға сұрау салды.
Төзімі бұл ағайдың мықты екен,
Екі мың жоқ боздақты тауып алды.
Солдаттың шинелінен шықты ме екен,
Дәл былтыр Новгородқа тағы барды.
Каменкаға кеп тарихшы болдың,
Бауыр іздеп, Брестке қондың,
Москва қорғаушыларын тауып,
Батыр қала Ленинградта болдың.
Сізге солдат шинелінің исі сіңген,
Сізді біреулер: «белгісіз солдат»…
дейтін көрінеді…құдай-ау,
Жұмбақ…салт атқа мінген.
Ендеше жортқанда жолыңда…
Қызыр ата болсын жолдасың.
Өзің тапқан белгісіз…Екі мың …
боздақтың, әруағы қолдасын!
Отағасы өзі өсірген ұл-қыздарымен мақтана алады. Қыздары Райхан мен Раушан, Нағима, егіз ұлдары Сәбит пен Мұхит, Жеңісі мен Мәжиті жоғары білімді маман, әке мен ана мақтанышы. Қолдағы ұлы Жеңісі және Мельсі «Жеміс-Бек» шаруа қожалығына жетекшілік етеді. Шөберелері Жансая мен Нұрсая, Ақжүрек пен Асылхан ата-ана қуанышы. Осындай көпбалалы өскен-өнген отбасын қалайша өнегелі, мерейлі отбасы демеске. Қазір рамазан айы. Анда-санда қара шаңырақта бас қосқанда Әлі әулеті бір қауым ел болады екен. Ендеше не дейік, осынау үбірлі-шүбірлі отбасының мерейі үстем бола берсін. Отағасы мен отанасына осындай тәрбиелі, көргенді ұрпақ тәрбиелеп отырғаны үшін мың да бір алғысымызды білдіреміз.
С.ҚОЖЕКЕ.
Суретте: ерлі—зайыпты Тұрсынкүл Жазықбайқызы
мен Бекқұлы Әліұлынан өрбіген ұрпақ бас қосқанда.
Каменка ауылы, Қарақыстақ ауылдық округі.