«Бала» деген бір бақыт

986 Views

1 маусым – Балаларды қорғау күні. Бұл ең жақсы және қуанышты мереке болып табылады. Бұл күннің жақсы өтіп, балалардың есінде қалуына үлкендердің тигізетін ықпалы да зор. Себебі, кішкентай бүлдіршіндерге әрдайым қамқорлық, назар қажет. Бұл сезімдер әрқайсысымызда бар екендігі белгілі және оны өзгелерге білдіру үшін арнайы бағдарлама мен қандай да бұйрықтардың қажеті жоқ.

Балалар күніне орай Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі «Құлыншақ» бөбекжайында «Бала» деген бір бақыт» атты мерекелік іс-шара өтті. Бүлдіршіндердің қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды. Балалардың орындауында «Испан», «Буратино», «Қуыршақ», «Қара Жорға», «Радуга» билерін тамашаладық. Бүлдіршіндер мерекеге арналған тақпақтарын сондай бір ыждаһаттылықпен оқып, «Балабақша», «Әр қашан күн сөнбесін», «Баубақша белдер», ағылшын тілінде «А В С» әндерін орындады. Балалармен түрлі мерекелік ойындар ойнатылып, сыңғырлаған күлкілері ертеңгіліктің әрін ашты.

Мерекелік ертеңгілік соңында ауылымыздың кәсіпкер азаматы, бөбекжай ашылғалы үш жыл бойы демеушілік жасап келе жатқан Құдабаев Алихат Ержанұлының балаларға арналған тәтті шашуы таратылды. Жүрегі кең кісілер көп болсын деген ниетпен болашаққа үміт арттық.

А.АБДИЕВА, «Құлыншақ» бөбекжайының педагогы.

Поделиться ссылкой: