Жас кәсіпкерлермен кездесті

644 Views

Кәсіпкерлік кең өріс алса, мемле­кетіміз қарқынды дамиды. Сондықтан да мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау аясы күн санап артып келеді. Әсі­ресе, жас кәсіп­керлерге көп қолдау көрсетілуде. Себебі, кәсіп ашқан адамның жұ­мыссыз азаматтарды жұмыспен қамтып, ха­лықтың әл-ауқатын арттыруға сәл де болса септігі тиеді.
Қазақтың жері бай. Асты қазбалы байлыққа, үсті құнарлы топыраққа бай қазақ жері­нің астық өсіруге де, мал бағуға да тым қолайлы екені айтпаса да түсінікті. Әсіресе, ғылым дамыған за­манда табиғи өнімнің құны күн санап өсіп келеді. Сондықтан, кәсіп ашам дегендерге кеңбайтақ Қазақстанның қай өңірі де қолайлы болмақ. Сондай-ақ, қазақтың басты байлығы мұнай екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен, мұнайдың да сарқылатын уақыты жеткенде экономикамыздың жайы қалай болмақ? Атам заманнан бері мал баққан қазақтың санасына әупірімдеп болса да өндірістік экономика да еніп келеді. Әртүрлі бағытта жұмыс ат­қаратын зауыттар, фабрикалар ашылып, өнім өндіріп, экспортқа жөнелтілсе, көз­ді ашып жұмғанша 30 дамыған мемлекеттер қатарынан да көрінуіміз ғажап емес. Сондықтан да, қазіргі бас­ты назар осы мақсатта екені белгілі.
Елбасы Қазақстан халқына Жол­дауында «Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түр­де тартуға бағыттау қажет. Ауыл кәсіп­керлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқы­ту жүйесін қалыптастырған жөн» — деген болатын. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев та кәсіпкерлікті қолдап отыр. Осы мақ­сатта шілденің 30 жұлдызында қоғам қайраткері, «БАЙТАҚ БОЛАШАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЛЬЯНСЫ» республикалық қоғамдық бірлестігінің пре­зиденті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Аза­матхан Сайлауұлы Әміртай ауданымызға келді. Ол Мельс Өзбеков атындағы мәдениет Үйінде жас кәсіпкерлермен кездесіп, Президентіміздің арнайы тапсырмасын, кәсіпкерлікті қолдау, оның қыр-сыры жайлы ашық әңгімеледі. Жас кәсіпкерлер және кәсіпкерлікке ниет білдіргендердің басын қосқан жиында талай мәселеге тоқталып, аудан азаматтарының сауалдарына жауап берген Әміртай Сайлауұлы жастардың кәсіпкерлікке деген ынтасын оятып, көңілдеріне сенім ұялатты. Сондай-ақ, жиында ауылдың бүгінгі жай-күйі, су тапшылығы, техника тапшылығы жайлы арыз-шағымдарын жолдағандар да табылды. Қоғам қайраткері оларға тиянақты жауап беріп, барлық мәсе­ле­нің шешімі табылатынына сенім білдірді.

Салтанат Рахметуллақызы.

Поделиться ссылкой: