Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Темір жол арқылы саяхат жасауды ұйғарған әрбір адам соңғы аялдамада вокзалға келіп түсетіні белгілі. Сондықтан да, отандық темір жол саласына баға беру үшін вокзалдың қызмет көрсету сапасына көз жүгіртсеңіз жеткілікті. Өйткені, вокзал – темір жолдың келбеті. Вокзал маңы мен ішінің тазалығы, жолаушыларға көрсетілетін сапалы қызмет, жөн сұраған жандарға жол көрсету, жүгі ауыр жолаушыларға жәрдем беру секілді қызметтің бәрі бекет қызметкерлерінің мойнына артылған міндеттер. Осыдан-ақ, әрбір бекеттің қызметкерлеріне артылған жүкті бағамдай берсеңіз болады.
Біздің Луговой вокзалында аталмыш міндеттермен Данияр Бекмұратұлы басқаратын шағын ұжым айналысады. Дәлірек айтар болсақ, Райхан Әбдіреметова, Гүлбану Қалдарбекова, Ахмет Шүкеев, Нұрлан Қашқынов секілді вокзал кезекшілері пойыздың келу уақытын баяндап отырады. Ал, вокзалдың іші мен сыртындағы тазалыққа Саракүл Акилова, Айман Көкрекбаева, Жұлдыз Сайтова, Александр Пожидаев, Рая Кабдулова, Сұрапбай Алыбаев сынды азаматтар жауап береді. Сонымен қатар, билет кассасында Зәуре Нұрманова, Индира Кенжегулова, Шынар Мұсаева секілді жарқын жүзді жандар халыққа қызмет көрсетеді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.