Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жемқорлық-мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына, экономикалық-әлеуметтік өсуіне кедергі болатын, елдің болашағына кесірін тигізетін қоғамдағы қауіпті індет. Сыбайлас жемқорлық – адамның тұлға ретінде қалыптасуына да өзіндік зиянын тигізері сөзсіз. Сыбайлас жемқорлықпен күресу -бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап қазіргі таңға дейін жемқорлықпен күресудің жолдарын айқындап, нақты стратегиялық бағдарламалар мен Заңдарды енгізіп, мейлінше күресуге шақырды. Қабылданған шешімдер өз нәтижесін де беріп келеді. Оған дәлел бүгінде еліміз цифрлық кезеңге өтіп, мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды жүйеге енгізіліп, біртерезе қағидаты арқылы іске асып келеді. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін ең оңтайлы әрі тиімді шара деп ойлаймын. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та xалыққа ұсынған орындалуы тиіс он бағыттың бірі ретінде сыбайлас жемқорлықты жою міндетін қойып отыр. Осы бағыттағы жұмысты қадағалайтын ресми органдар да жоғары деңгейде сапалы қызметтер атқарып, нәтижесі көрінуде. «Мың асқанға бір тосқан» -деген ұстанымды басшылыққа алған агенттік қызметкерлері заңсыз әрекеттер мен ымырасыз күресуде. Жемқорлықпен күрес-бірлескен жұмысты қажет етеді, әсіресе бұл үрдісте мемлекеттік қызметшілердің алар орны айрықша. Сондықтан да еліміздің дамуы жолындағы еңбегімізді әділ әрі сапалы орындап, «жемқорлық» атты кеселді індеттен аулақ болуға барлық мемлекеттік қызметшілерді шақырамын.
Ләззат Өтеулиева,
аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы.