Рухани тұрғыда маңызы зор семинар
Тамыз айының 23-24 жұлдызы күндері Тараз қаласында облыстық «Рухани жаңғыру жобалық офисі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының мақсаты мен міндетін өңірімізде тиімді жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру» жобалық офисі қызметкерлерін оқыту семинары өтті. «Баласағұн» музейінде өткен аталмыш семинардың ашылу рәсіміне облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Д.Бейсенқұлов пен «Рухани жаңғыру жобалық офисі» КММ-нің директоры, қалалық мәслихаттың депутаты С.Берікқожа қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Екі күнге созылған салиқалы семинар барысында қатысушылар көне шаһар Тараз қаласындағы тарихи маңызы зор киелі кесенелерге экскурсия жасады. Одан бөлек, пленарлық отырыстар, тренингтер, брейн-ринг және ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хатпен бірге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
М. Диханбай.