Наурыз көже – ынтымақтың дәнекері
18 ViewsНаурыз мерекесінің басты тағамы – «Наурыз көже» екені мұқым қазаққа белгілі. Негізінде, «Наурыз көженің» тарихы туралы ел ішінде көптеген деректер айтылады. Шағын ғана мақаламда…
Ел Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгерлігін жиі сөз етеді. Оның сонау Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардағы тоқыраудан халықты қамықтырмай аман алып шығып, елдің еңсесін тіктеуі расында да кемеңгерліктің белгісі. Бұл атау Нұрсұлтан Әбішұлына берілген лайықты баға деп білемін.
Елбасының еңбегі ұшан-теңіз. Оны тізбектеп жатудың өзі артық. Дегенмен, ерекше атап өтуге тиіс бір дүние бар. Ол – оның елді береке-бірлікте, тыныштықта, ынтымақта ұстауы. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбіт өмір сүріп келеміз. Бұны өскелең ұрпақ білуі тиіс.Үлкендер мұны жас ұрпаққа насихаттап жүруі керек. Жаһандану заманында жастарды Отан сүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеу – баршамызға міндет. Сондай-ақ, өзімізді-өзіміз дәріптеп, өз ортамыздағы жақсы кісілердің де жақсы істерін айта жүрген жөн. Ол – қоғам үшін керек. Бұл жөнінде Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп жан-жақты атап өтті. Елбасы мақаласында айтылғандай бүгін мен аудан өмірінде өзіндік орны бар үш азамат жөнінде қалам тербеп, олардың адами болмысына тоқталуды жөн көрдім. Соның бірі – Қожайхан аға Қазыбайұлы Бижанов. Оның аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы ретіндегі сіңірген еңбегі өлшеусіз. Қазыналы қарттың баталы сөздері жан-дүниеңе ерекше әсер етеді. Содан өзіңе шабыт алып, арқаланып қаласың. Кез келгенге бұйыра бермейтін шешендік Қожайхан ағаға арғы аталарынан дарыса керек. Осындай баталы сөз иесінің біздің қоғамда болуы қуантады.
«Жақсылық ойлап іс қылсаң, көпшілік те саған жақсы көзқараспен қарайтын болады» дейді қытайдың ұлы ойшылы Конфуций. Жұрт жылы пікір білдіріп, үнемі ауызынан тастамай айтып жүретін бір жан болса ол – Пазыл Әбілдаұлы Сүлейменов дер едім. Пазыл Әбілдаұлының кәсібі негізінен халықтың игілігіне бағытталған. Оның еңбегін бағаламау – іштарлық, көре алмаушылық сияқты болады да тұрады. Себебі, ол өзіне жүктелген ісін жауапкершілікпен қарап, қанша бай болса да тәкаппарлық мінез танытқан кезі жоқ. Кішілігі басым азамат қазақи қалпы, адами болмысымен жұртқа жаққан жан. Оның атқарып жүрген әрбір күрделі істері көз алдымда болып жатыр. Оны айту оңай, істеу қиын, ол үшін ақыл керек. Айталық, Құлан ауылының орталығындағы өзі тұрып жатқан үйінің аумағы басында баз-біреулердің дүкен-базарлары болған еді. Қазір сол жерлерді ансамбілдік жүйеге келтірді. Астананың архитекторы Елбасы десек, Қарақыстақ тау бөктеріндегі тау өзенін демалыс орына айналдырып, әсем бір дизайнерлік жобамен безендірген Пазылды да суреткер десек, қателеспейміз. «Тау Самалы» деп аталатын демалыс орны тек қана аудан халқының демалатын орны емес, бүкіл облыс халқының, қала берді туристердің де суға шомылып сергитін, қызыға қарап, тамсанып қайтатын жеріне айналғаны анық.
«Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының бірінші орынбасары Қанатбек Дәкенұлы Арыстанбековтің елге елеулі, халқына қалаулы болуы өзінің өлшеусіз еңбегі деп білемін. Ол өзінің атқарып жүрген қызметіне өте ыждахатпен қарайды. Оның өзін-өзі ұстаудағы мәдениеттілігі өзгелерге үлгі.Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа алып, ұлттың табысты болуы адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалатынын үнемі жадында ұстайды. Сондықтан болар, ауданымыздағы белсенді жастар мен жұмысты жолға қоя білетін азаматтарды жанынан тастамайды. Мен әрбір жиындарға қатысқанда сол жастардың жалынды сөздерін естіп сүйсінемін, жастардың Отансүйгіштік қабілеттерін, патриотизмге тәрбиеленіп жатқанын сезіп, оның еңбегін бағалауды өзіме ағалық парыз санаймын.
М.Стыбаев,
Құлан ауылының тұрғыны, қоғамның белсенді мүшесі.