Бердібек Сапарбаев Құланға келді

634 Views

Өткен сәрсенбіде Қазақстан Респуб­ликасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысымен танысу мақ­са­тымен Құлан ауылына келді. Министрмен бірге облыс әкімінің орынбасары Нұржан Сәбитұлы Календеров бірге болды.
Жоғары лауазымды қонақты жұмыс­пен қамту орталығының жұмысымен оның басшысы Сапар Құлманов таныстырып жүрді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік салаға деген қамқорлығын күн құрғатпай газеттерден және теледидардан оқып, естіп, біліп отырғандықтан болар осындағы шағын залға бір топ көп балалы аналар жиналыпты. Олардың министрге қойған сұрақтары да саналуан. Б.Сапарбаевтың өзі әңгімеге тартып, оларға атаулы әлеуметтік көмектің берілуін, ауылда болған соң әркім қарап отырмай өзінің жеке кәсібін ашып жұмыс істеуі керектігін, ал, мемлекет тарапынан беріліп отырған атаулы әлеуметтік көмекті тек балаларға жарату қажеттігін баса айтты.
Министрмен кездесу барысында көптеген сұрақтар қойылып, оған тиянақты жауап қайтарылды. Сұрақ қойғандардың ішінде Құлан ауылынан келген төрт баланың анасы Алмакүл Керімқұлова мен Айсұлу Досмайылова, Шөңгер ауылынан келген Балжан Жанайдарова және тағы басқалар болды. Оларға министрмен бірге аудандық және облыстық әлеуметтік сала басшылары орнықты жауап қайырды. Көп балалы аналардың құжаттары жиналып алынып, зертте­ліп жатқанын, қажет бола қалса тұр­ғындарға қызмет көрсету орталығы да жауап беретінін министр тілге тиек етті.
Министр Б.Сапарбаев дәл сол күні Тараз қаласында болып, осы тақырыпқа жұртшылық алдында кездесу өткізді.

С.Қожеке.
Суретте: Еңбек және әлеу­меттік қорғау министрі Бердібек Сапар­баевтың бір топ аналардың сұрақ­тарына жауап беру сәті.

Поделиться ссылкой: