Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы мамыр айындағы Жолдауында: «Халыққа қызмет көрсету жедел әрі әр азаматқа қолайлы болсын»деп атап көрсетілген болатын. Осы орайда жақында аудандық ішкі істер бөлімінің алдынан азаматтарды қабылдау бөлмесі ашылды. Егер бұған дейін аудандық полиция бөліміне келген адам өзін толғандырған мәселеге жедел жауап ала алмайтын болса, ендігі жерде кез келген келушінің сауалына екінші қабатта отырмай-ақ, осында келіп полиция басшылары тиянақты жауап беретін болады. Былайша айтқанда енді мұнда азаматтарды қабылдау тәртібі дәл ЦОН-дағыдай болады. Сол үшін де мұнда азаматтарды қабылдау кестесі жасалып, көрнекті жерге ілініп қойылған. Бөлімде тәуліктің қай мезгілінде болсын кезекші отырады. Мұнда бейнебақылау камерасы орнатылған. Азаматтар көші-қон, жүргізуші куәлігін алу сияқты өздерін толғандырған сұрақтарға жедел жауап ала алады.
Өткен бейсенбіде ауыл тұрғындарының қатысуымен азаматтарды қабылдау бөлмесі салтанатты жағдайда ашылды. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Ерболат Садырқұлов пен облыстық ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Удергенов қатысып, сөз сөйледі. Олар өз сөзінде бұдан былай полиция қызметкерлері халыққа бір табан болса да жақын болатынын, жұрттың арыз-шағымдары мен көкейде жүрген көптеген мәселелері ендігі жерде ашық әрі жедел түрде шешімін табатынын айтты. Бұл туралы аудандық полиция бөлімінің басшысы Д.Алашбаев та ұғынықты тілмен баяндап берді.
Осы шараға ТМД жанындағы Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы әрекет ету агенттігі төрағасының орынбасары Рафаель Гасанов қатысты. Осының өзі бұл шараның қаншалықты маңызы бар екенін көрсетсе керек. Өйткені «жабық есік» жағдайынан алшақтаған полиция қызметкерлері жемқорлыққа бара бермейтіні айтпаса да түсінікті.
Сонымен аудан орталығынан, дәлірек айтқанда аудандық полиция бөлімі жанынан азаматтарды қабылдау бөлмесі ашылды. Енді ол бүкіл аудан халқына қалтқысыз қызмет көрсетеді деп сенеміз.
С.Қожеке.
Суретте: аудандық полиция бөлімі жанынан ашылған азаматтарды қабылдау бөлмесінің ашылу рәсімінен көрініс; полиция қызметкері алғашқы келушіні қабылдап отыр.
Сурет Т.Досбембетовтікі.