Қайырымдылық ‑асыл қасиет
Қ а р а қ а т а у ы л ы н д а ғ ы № 2 шағын орталықты орта мектебінде «Мектепке жол акциясы» аясында «Жүректен жүрекке» деген ұранмен әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында қайырылымдық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға қатысқан а у д а н д ы қ с о т т ө р а й ы м ы Л . Б а й т і л е н о в а м е к т е б і м і з д і ң кейбір оқушыларының құжаттарын реттеуге көмектесіп, қаржылай да көмек көрсетті. Сондай-ақ, шараға Құлан ауылдық округінің әкімі М.Иманбаев пен мектеп инспекторы М.Әдепбай да қатысып, оқушыларды оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Шарапаты мол іс-шарадан ауыл ағалары мен азаматтары да шет қалған жоқ. Атап өтер болсақ, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Пазыл Сүлейменов пен ауыл ағасы Бекет Мешітбаев мектепті абаттандыруға, көріктендіруге қаржылай көмек беріп, қол ұшын созды. Ілкімді іс-шараға мектеп мұғалімдері де қатысты. Әсіресе, сынып жетекшілер өздерінің с ы н ы п т а р ы н д а ғ ы ә л е у м е т т і к жағдайы төмен оқушыларға оқу құралдарын әперіп, балаларды қуанышқа бөледі.
Көмек беріп, қайырымдылық шарасына қатысқан жандарға мектеп ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.
Динара ОҢҒАРБАЕВА,
№2 шағын орталықты орта мектептің әлеуметтік педагогы.