Жақсылық жасаудан аянбайық

535 Views

Р е с п у б л и к а л ы қ « М е к т е п к е жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» -деген дана халқымыз осы бір адами факторды ең ізгі қасиеттердің бірі ретінде санайды. Қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болу, оларға аялы алақанын тосу, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу -әрбір адамның азаматтық парызы деп есептейміз.

Осындай мақсатпен қазір №4 шағын орталықты орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Бүкіл ел болып қолға алынып жатқан іс – шарадан біздің мектебіміз де сырт қалған емес. Қазіргі уақытта ауыл кәсіпкерлері мен мектебіміздің мұғалімдері жалпы соммасы 220 000 теңге көлемінде қаражат жинап, бас- аяғы 14 оқушыға мектеп формасын, аяқ және спорттық киімдерін, сырт киімін алып берді. Сонымен қатар, мектепке қажетті оқу құралдарымен де қамтамасыз етті. Бұндай игі істер мектебімізде әлі де жалғасын таба береді деген сенімдеміз.

Ел еңсесін биіктеткен осындай мейірлі істер жаңа көк жиектерге бастай берсін деген тілегіміз бар. Ата – бабамыздан мұра болып қалған қайырымдылық пен жомарттық болашақта өз қадірін жоймасын. Балаға жасаған жақсылық өзімізге жасаған жақсылық деп білейік ағайын!

Л.АЛҒАЗИЕВА,

№4 шағын орталықты орта мектебінің әлеуметтік педагогы.

Поделиться ссылкой: