Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ.
Кеше Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде «Тіл – татулық тірегі» атты іс-шара өтті. Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің дөңгелек үстел форматында ұйымдастырған аталмыш іс-шарасына ардагер ұстаз, тіл жанашыры Түзел Алагөзова, Меркі тілдерді оқыту орталығының директоры Алтынай Сейітова, көптеген оқушының шырағын жағып, биік шыңдарға жетелеген ұлағатты ұстаз Күләш Исаева, Бауыржан Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Владимир Демченко және Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Тіл мерекесіне арналған іс-шараның әуелгі алғы сөзін аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрдәулет Жамалбеков сөз сөйлеп, ашып берді. Содан соң, арнайы шақырылған қонақтарға да сөз кезегі беріліп, өз кезегінде олар мемлекеттік тілдің зор мәдениеті мен бүгінгі қоғамдағы қазақ тілінің қолданылу аясы төңірегінде толғамды пікірлер білдірді. Сондай-ақ, ілкімді іс-шара барысында жуырда ғана республикалық «Абай оқулары» байқауында жүлделі II орын иеленген Абай орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әліби Жұмабек пен алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың есімін еншілеген ауданымыздағы ордалы орта мектептің оқушылары рухты өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады. Шара соңында Ана тіліміздің өрісті дамуына өзіндік үлес қосып жүрген Түзел Алагөзова, Күләш Исаева, Владимир Демченко, Әліби Жұмабек және осы іс-шараға белсене атсалысқан Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің ұстаздарына аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының алғыс хаты табыс етілді.
Марат ДИХАНБАЙ.