Ата діннен алыстамайық…

645 Views

Облыс әкімдігі дін істері басқар­ма­сының кешенді профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес өткен жұмада аудандық мәдениет үйінде «XXI ғасырдағы Қазақстандағы дін» деген тақырыпта мәні бар мағыналы жиын өтті. «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламалық мақаласының аясында өрбіген жиынға арнайы қонақ ретінде Түркістан облысынан шақырылған дінтанушы Дастан Желеуов келіп, құландық жұртшылыққа уағыз айтты.
Қазір елімізде жат ағымның жетегіне түскен отандастарымыздың саны жыл өткен сайын көбеймесе, азаймай тұр. Біз қолдан келгенше осындай уағыз наси­хаттарымыз арқылы түсіндіру жұмыс­та­рын жүргізгенімізге қарамастан, олардың саны көбейіп барады. Өздері­ңізге белгілі, егемендіктің алғаш­қы жылдарында елімізге әр түр­лі бағыттағы миссионерлік топтар келе бастады. Олардың әрқайсысының көз­деген мақсаттары болды. Бізді ұлт­тық дәстүрлерімізден айыруға тырыс­ып бақты. Діни сауатсыздықтың төмен­дігінен қаншама бауырларымыз жат ағымның жетегінде кетті. Ұлт­тың сойылын соғады деп жүрген қан­шама ер-азаматтарымыз ата діннен жырақ­тап, Сирияға аттанды. Құрметті жама­ғат, бұл — діни сауатсыздықтың төмен­ді­гі салдарынан орын алып жатқан жағдай. Осы ретте, Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдар­ла­малық мақалаларында айтылған оңды пікірлерге ден қойғаны­мыз абзал. Ұлт Көшбасшысы ұлттық код турасында көркемдеп, дәйекті тұр­­ғы­да бағдарламалық мақала жазды. Біз тура жолдан таймауымыз қажет. Бабалары­мыз салып кеткен сара жол­ды жалғастырып, ата діннен алыста­мауы­мыз керек» деді дінтанушы өз уағы­зында.
Содан соң, залға жиналған көрер­мен­дер болған оқиға желісімен түсіріл­ген Серікбол Өтепбергеновтың «Шес­­той пост» атты фильмін көрді. Дәл осы кино түс ауа «Сұлутөр» кинотеатрында да қойыл­ды.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: