Техника саласының мамандары көбейеді

547 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаевтың Қазақстан хал­қына арналған Жолдауында білім саласына айтарлықтай көңіл бөлінген. Дәлірек айтар болсақ, Жолдаудағы «ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ» деп аталатын бөлі­мін­де Қасым-Жомарт Кемелұлы әлеу­меттік салаларды дамыту үшін баса мән берілетін бағыттарды айқындап, солардың ішінде ең бірінші білім беру сапасын жақсарту керектігін жеткізді. Президент алғашқы Жолдауында елімізде еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленбегенін айта келе, мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалғандығын қадап айтты. Осы олқылықтарды шешу аясында дұрыс шешім қабылдап, бағыты айқын, жүйелі жұмыстарды жүргізу керектігін алға тартты. «Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс. Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек» — деп, мәселенің шешу жолдарын атап көрсетті.
Мемлекет басшысы одан бөлек қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап бара жат­қанын негізгі мәселе ретінде атап өтіп, ауылдық жерлердегі білікті педа­­гог кадрлардың тапшылығын бір­­те-бірте жоюды тапсырды. Ол үшін Елбасы бастамасымен қолға алын­­ған «Дип­ломмен – ауылға» бағ­дар­ла­ма­сының аясын кеңейтіп, жұ­мыс­ты жаңа деңгейде жалғастыру қажет­тігін айт­ты. Осылайша Үкіметке ке­лесі жыл­дан бастап осы бағдарламаны қар­­­жыландыруды 20 миллиард теңгеге жет­­­кізу керектігін айтып, пәрмен бер­ді.
Аталмыш бастамалар мен қол­дау­лар болашағымызды баянды етуге бағытталған жұмыстар деп бағалауға болады. Өз кезегінде ұстаздар қауымы келе­шегіміз кемелді болуы үшін Жол­дау­ға қолдау білдіре отырып қызмет ете­ді деген сенімдеміз.

Р.Жаңабердиева,
Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектептің директоры, «Құмарық» бастауыш партия ұйымының төрайымы.

Поделиться ссылкой: