Цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды

810 Views

Бүгінгі таңда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында IT-қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие болып отыр. Осыған орай, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өңір кітапханаларының қоғамдағы кеңістігін дамыту, оларды үздіксіз өзгеріп отырған шарттарға бейімделу мақсатында аудандық орталық кітапханаға қарасты ауылдық кітапханаларда цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылуда.
«Цифрландырылған ақпарат­тық орталық ашу» тұжырымдама­сында көрсетілгендей, орталықтар ауыл тұрғындарына көрсетілетін электрондық ақпараттық қызмет аясын кеңейту, әртүрлі санаттағы тұр­ғындардың әлеуметтік маңыз­ды ақпараттар мен анықтамаларға қолжетімділігін арттыру мақсатында өз қызметтерін ұсынуда. Цифр­лан­дырылған ақпараттық орталықтарда жылдамдығы жоғары интернет желісі арқылы түрлі ақпарат іздеумен қатар еgov.kz порталы арқылы 12 қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде жо­ғары сұранысқа ие зейнетақы қоры анықтамасы, балабақшаға кезекте тұрғаны жайлы, жылжымайтын мү­ліктер, азаматтың сотталған немесе сотталмағаны туралы анықтамалар алуға болады. Бұл шалғай ауылдардағы халықтар аудан орталығына барып уақыт жоғалтпайды деген сөз.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда ор­талық қызметкерлері http://zhambyl.cao-zhambyl.kz сайты арқылы жергілік­ті тұрғындарды ауыл, ауданның қоғам­дық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік өмірі аясында жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болып отыр.
Бүгінгі күнге дейін аудандық кі­тапханаға қарасты 11 ауылдық кіта­п­ханада цифрландырылған ақпарат­тық орталықтар ашылды. Міне, осын­дай заман талабына сай қызмет көрсетіп отырған орталық жуырда Луговой ауылдық кітапханасынан да ашылды. Ашылу рәсімінде орталықтандырыл­ған кітапханалар жүйесінің дирек­торы Нұрсұлу Топатаева құттықтау сөз сөйлеп, заманауи көп функцио­нал­ды ақпарат беру қызметтеріне жеке тоқталып өтті. Аудандық цифрландырылған ақпараттық орталықтың кітапханашысы Искакова Алия Алтынбекқызы ауыл тұрғындарына еgov.kz электрон­дық үкімет порталы арқылы қажетті құжаттарын рәсімдеп, мемлекеттік бағдарламаларға қатысты кеңес беріп өтті. Сонымен қатар, қадірлі қонақ ретінде шақырылған Луговой ауыл­дық әкімінің орынбасары Қайрат Әбілов, ауылдың ақсақалдар алқа­сының төрағасы Рысбек Алчабаев алғыстарын білдірді.
«Цифрлық технологияларды ен­гізу – заман талабы» дейтін болсақ, цифрландырылған ақпараттық орта­лықтар ақпарат алмасуға үлкен мүм­кіндіктер жасап отыр. Ендеше, тұр­ғын­дардың игілігі артып, кітапхана ісі әрқашан алға баса беретіні сөзсіз

Г.Жаманбаева,
аудандық кітапхананың коворкинг орталығының кітапханашысы.

Поделиться ссылкой: