Мәселе қаржы үнемдей білуде

577 Views

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдың 15 қарашасы төл валютамыздың туған күні және қаржыгерлер күні болып белгіленді. Ең алғаш рет Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін шығарды. Оның авторлары: суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов және Қайролла Әбжәлеловтер болатын. Сөйтіп, теңгеміз Англияда басылып шықты.
1993 жылдың 15 қарашасында ол Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы болып, айналымға енді.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан сан түрлі бағдарламалар іске асырылуда. Олардың басым көпшілігі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, табыс мөлшерін арттыруға бағытталған. Атап айтар болсақ, олардың қатарына «Ауыл – ел бесігі», «Дипломмен – ауылға» сияқты бағдарламалар жатады. Осы бағдарламаларды аудан көлемінде жүзеге асыру аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің еншісіне тиген.
Бүгінде аты аталған бөлімді Ләззат Тәліпбекқызы Сапарбекова басқарса, сектор меңгерушісі қызметін Элмар Оңалбеков абыроймен атқарып жүр. Сонымен қатар, мұнда Ұлжан Қыдырова, Балмира Амирова, Айдана Дүйсет сынды жоғары білімді қызметкерлер бас маман ретінде еңбек етуде.
Бөлімнің бүгінгі тыныс-тіршілігін мекеменің сектор меңгерушісі Элмар Оңалбеков пен бас маман Айдана Дүйсеттен нақтылап сұрап білдік. «Ұжымдағы адам саны аз болса да, жұмысты көпсінбейміз. Керсінше, біріге, бірлесе жұмыс істегенді ұнатамыз. Біздің бөлім негізінен аудан экономикасын саралау, бақылау, мемлекеттік бағдарламалар мен облыс және аудан әкімі арасындағы келісілген индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын қадағалаумен айналысады. Мәселен, биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына ерекше көңіл бөлінді. Бұл бағдарлама еліміздің жастарына берілген үлкен мүмкіндік дер едік. Осы тапсырманы орындау мақсатында біз жоспарлы түрде жұмыс жасап келеміз. Кезекте тұрған 62 маманның ағымдағы жылы 43-іне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға республикалық бюджеттен 162,9 млн. теңге қаражат қарастырылды. Бүгінде осы қаржының 140,1 млн. теңгесі игеріліп, 37 маманға несие берілді» деп, атқарылған жұмыстың нәтижесін баяндап берді. Бөлім қызметкерлері Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен де таныстырды. 2021 жылы ауданымызда іске асырылатын жобаның жұмысы өте ауқымды.
Иә, шынымен де осы мақаланы жазу барысында бөлім қызметкерлерінің ынтымақ пен бірлікті уысынан шығармай ұстап отырғанын байқадық. Өйткені, олар қаржы үнемдеуді басты көрсеткіш деп санайды. Сол себепті де бір үйдің баласындай болған мекеме қызметкерлеріне ауқымды жобаларды іске асыру барысында тек сәттілік тілейміз.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: