Қазақстан қазынашылығы мекемесіне — 25 жыл
Қазақстан қазынашыларына елдің бюджет жүйесінің қалыптасуына орасан зор үлес қосып, мемлекет қаржысын басқаруда лайықты орын алып келеді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы Жарлығымен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік функциялардың сапалы орындалуын қамтамасыз ететін ашық, тиімді және тұрақты бюджетке қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржыны тиімді басқарудың құралы ретінде Қаржы министрлігі жанынан Қазынашылықтың бас басқармасы құрылды.
Қазынашылыққа бюджеттерді атқару, бюджеттік және бухгалтерлік есепті, бюджеттік мекемелер мен қаржы жүйесіндегі бухгалтерлік есеп әдіснамасын жүргізу функциялары берілді. Бұдан басқа, қазынашылық мақсат бойынша пайдаланылмайтын қаражатты кері қайтарып алу құқығымен бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау бойынша үлкен өкілеттіктерге ие болды.
Біріншіден бағдарламаны қамтамасыз ету (БАСК-М) болып табылады. Ол 2003 жылы қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі деп аталатын «Oracle» платформасында мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі қазіргі қолданыстағы ақпараттық жүйеде жаңғыртылды. Бұл – бірегей әрі ТМД елдері арасында жоғары бағаға ие болған жүйе. Дүниежүзілік банк сарапшыларының бағалауына сәйкес, Қазақстанның ақпараттық жүйесі ең тиімді және киберқорғалған деп танылған.
2008 жылдан бастап жаңа бюджет кодексінің күшіне енуіне байланысты Қазынашылық дамудың жаңа серпінді сатысына ие болды.
Қазынашы органдардың жедел жұмысына барлық өңірлердің тыныс-тіршілігі, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалармен орындалуы жатады. Бұған дейінгі жылдары қол жеткен тәжірибе мен даму қарқынын ескере отырып, қазынашы органдар өзінің алдына қойған міндеттерді жоғары деңгейде орындауда.
Қазіргі таңда аудандық қазынашылық басқармасында 8 білікті маман қызмет атқарады. Сонау тоқырау заманынан бастап, егемен ел болып, өз елдігімізді, теңгемізді алған жылдары осы салада күн демей, түн демей валютаның теңгеге ауысуына ат салысқан Гүлдана Ергешқызы Оразбаева, Свиридова Людмила Васильевна және қазынашылық басқармасының құрылған күнінен бастап жұмыс істеп келе жатқан Айнұр Сапарқызы Тоқсабаева сияқты білікті мамандарымызды айта кетпесек болмас. Сондай-ақ, бас қазынашылар Ляззат Оңалбекованың, Нұрлан Мәтқайымовтың, Мейіржан Құттыбаевтың және хатшы Назира Қырғызбаеваның еңбегін ерекше атап өткіміз келеді.
Қаржы саласы — мемлекетіміздің күре тамыры деп айтсақ еш жаңылыспаймыз, сондықтан осы салада қызмет етіп жүрген барша қауымды төл мерекелерімен құттықтаймыз.
Р. Қоңыратбаев,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.