Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Аудандық емхананың хирург-дәрігері Тілепбергенов Махмуд Сабырұлы 2005 жылы елге көшіп келген. Ташкент мемлекеттік университетін бітірген кейіпкеріміз сол жылдардан бері өз ісіне адалдық танытып, аудандық емханада еңбек етіп келеді.
Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолия, Үндістан, Пәкістан, Иран бардым. Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркта болдым, олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім. Түсімде ылғи балалық шағымды көремін. Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін. Түсімі ылғи Айша кіреді. Анамның есімі – Айша еді» деген сөзі бар. Өз басым бұл сөзді жаттап алғанмын. Махмуд Тілепбергенов Шерағаңның осы сөзін айтқанда таңырқағаным рас.
– Шерағаңның сөзі мені туған Отаныма қоныс аударуыма жетеледі. Көп те ойланған жоқпын. Атамекенге бірден жол тартып кете бердім. Бұл ойымды отбасым да қолдады. 2005 жылы көшіп келдік. Құдайға шүкір, қазақ қандастарымыз құшақ жая қарсы алды. Жұмысқа да орнықтым. Міне, жұмыс барысын көріп тұрсыз. Кезекте тұрған адам көп. Бірақ, мен барлығын қарап үлгеремін. Өйткені, жанымда Наталья Эрнестқызы секілді білікті де білімді медбике бар. Әрбір емделушіден естіген бір ауыз жылы сөзден өз басым қайраттана түсемін. Өз мамандығыма ерекше сүйіспеншілікпен қарайтындығым да сондықтан» дейді хирург, -дәрігер.
Аудандық емхананың медбикесі Наталья Эрнестқызынан дәрігер болмысындағы 4 қасиетті сөзбен сипаттап беруін сұрағанымызда, ол:
– Біріншіден — табанды, екіншіден — алғыр, үшіншіден — ізденімпаз, төртіншіден — көпшіл,-деп жауап берді. Махмуд Сабырұлының жұмысына сыйлы болып жүруінің басты сыры да аталмыш қасиеттер болса керек.
М.Жолдасбекұлы.