Тәуелсіздіктің тұғыры биік

976 Views

1991 жыл біз ғасырлар бойы аң­са­ған тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен­дігімізді жарияладық. Тәуелсіздік ал­ғанға дейін халқымыз не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқа­көл сұлама» заманынан бастап, қой­ша қырылған «Репрессия» жылдары­на дейінгі аралықта халқымыздың осы­нау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қауіпі тұрған еді.
1986 жылы дүниені дүр сілкіндір­ген Желтоқсан қозғалысы таң қылаң бе­­­рер алдында қараңғылықтың кою­ла­нып барып тарқайтыны іспетті еліміз­дің егемендігін алар күнді жақын­дат­ты. Желтоқсан оқиғасы тек Қазақстан­ның ғана тәуелсіздігі емес, бүкіл Кеңес Одағы құрамындағы елдердің егемендік еншілеуіне орасан зор әсер етті.
Тәуелсіздік-ұлы ұғым. Тәуелсіздік­ті қадірлеу- құр айқайлап жар салу емес, ел үшін аяанбай еңбек ету. Дүние­де еш нәрсеге айырбастауға келмей­­тін Тәуелсіздікті мақтан тұтып, бола­шақ ұрпаққа бұлжытпай табыс ету барша­мыздың борышымыз.
Биыл Тәуелсіздікке қол жеткіз­генімізге – 28 жыл. Ел Тәуелсіздігі­нің әрбір қадамы әрқашан біздің жү­регімізде. Тәуелсіздігіміздің тұғы­ры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болуы жолында аянбай еңбек ету – баршамыздың басты міндетіміз.

Н.Тульбасиева,
«Ақбота» бөбекжай-бақшасының тәрбиеші.

Поделиться ссылкой: