Келелі жиын өтті
23 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
Бүгінгі ұрпақ бақытты. Бейбіт те тыныш заманда, тоқшылықта өмір сүріп келеміз. Тарихқа шегініс жасасақ ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы тәуелсіздік жолында күресті. Міне, сол ата-баба аңсаған асыл армандары орындалып, Тәуелсіздіктің таңы атқалы да ширек ғасырдан асты. Қазір ел жастары тегін білім алып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен терезесі тең мемлекетте өмір сүріп жүр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ел болашағы жастардың қолында» деп жиі айтады. Ал, жастардың болашағы балабақшадан бастау алады десек қателеспейміз. Өйткені, білім беру балабақша табалдырығынан басталады. Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айта аламын. Күні кеше бала бойына Тәуелсіздік құндылықтарын сіңіру мақсатында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты ертеңгілік өткіздік. Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыруды, ұлттық сана-сезімдерін оятуды негіз етіп, Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат бердік.
Роза Молдабай,
«Аяна и Б» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі.