Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Қазір халықтың қаржылық сауаты артып келеді. Кәсіп болмай нәсіп болмайтынын түсінді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алып, кәсіпкерлікке бет бұрғандардың қарасы көп. Өз бизнесін қайтарымсыз қаржыға қол жеткізу арқылы да бастап жатқатдар аз емес. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 77 адамның қайтарымсыз қаржы алғанын жазған едік. Жаңа жыл қарсаңында олардың қатары 211 адамға артып, ұзын саны 288 аудан тұрғынына 136 350 000 теңге мемлекеттік грант берілді. Мемлекеттік грантқа бизнес жобаларын ұсынғандардың дені аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқыса, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қысқа мерзімді курстардан өткендер де қайтарымсыз қаржыға қол жеткізді. Аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Қайрат Өскенбаевтың айтуынша 24 желтоқсан күні өткен соңғы гранттар конкурсында 252 500 теңгелік грантты 34 адам, 505 000 теңгелік грантты – 177 адам иеленген. Оның жалпы көлемі 97 млн. тенгеден асқан. Алдағы уақытта қайтарымсыз қаржы алған азаматтар өз кәсібін ашып, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға өз үлестерін қосатын болады.
М.Сейдашым.