Келелі жиын өтті
24 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Аудан тұрғындарына кәсіпкерлік негіздерін оқытып, кәсіп ашуға көмектесіп, кәсіпкерлердің құқығын қорғап жүрген мекеменің бірі – Кәсіпкерлер палатасы. Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Тұрар Рысқұлов аудандық филиалы атқарған жұмыстар аз емес. Оны аудан тынысынан хабардар әр тұрғын жақсы білетіні анық. Десек те аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Өскенбаев жуырда аудан кәсіпкерлерінің басын қосып, өткен жылы атқарған жұмыстарына есеп берді. М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде өткен есепті кездесуде Қайрат Амангелдіұлы 2020 жылы атқаруы тиіс жұмыс жоспарын да таныстырды. Филиал директорының есебінен өткен жылы аудандық кәсіпкерлер 515, 450 000 теңге көлемінде мемлекеттік қолдау тапқанын естідік. Бұл – үлкен көрсеткіш. — 2019 жылы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша ауданда 7 мәселе қаралды, — деген филиал директоры «Еңбек», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары бойынша аудандық филиалдың қолдауымен «Бастау бизнес», «Жас кәсіпкер» жобалары аясында 362 қатысушы оқытылып, сертификаттар табысталғанын жеткізді. Есепті жиында кәсіпкерлер атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, филиал жұмысына табыс тіледі.
М.Сейдашым.