Коронавирус инфекциясының алдын алуға бағытталған ауданымыздағы шектеу шаралары

605 Views

Аудандық тауарлар мен көрсе­ті­летін қызметтердің сапасы мен қауіп­сіздігін бақылау басқармсы Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ғ.Надуевтың 30 наурыздағы №3 «Жамбыл облысы аумағында шектеу шараларын енгізу туралы» қаулысын хабарлайды:
1. Облыс аумағында азық-тү­лік тауар­ларды, дәрілік заттар, медици­на­лық бұйымдары бар автокөліктерді қоспағанда ЖО аумағында автокөлік­тер құралдарының келуіне және шы­ғуына тыйым салынады.
2. Барлық мемлекеттік және же­ке меншік балабақшаларын, сауда орталықтарын (оның ішінде: дәріхана мен азық-түлік дүкендерін қоспағанда) саябақтардың, монша кешендерінің (жеке кабинкаларды қоспағанда) сұлу­лық салондарының, шаштараз, сауна, қонақ үй, компьютерлік интернет клуб­тар­дың, ойын залдарының, спорт ке­ше­нінің секцияларын, балаларды дамыту орталықтарының және жаппай адам жиналатын басқа да обьектілердің қыз­меті тоқтатылады.
3. Жұмыс істеп тұрған азық-түлік дүкендер мен супермаркеттердің санитариялық-дезинфекциялык ре­жим­ді (күніне 2 рет дезинфекциялық іс-шаралар өткізіп, антисептиктері бар санитайзерлер орнату) міндетті түрде сақтау.
Азық-түлік дүкендері мен супер­маркет иелері назарына:
1. Дезинфекция (ошақтық дезин­фекция) СОVID-19 ошақтарында ҰСО-ның филиалдарымен жүргізіле­ді. Профилактикалық дезинфекцияны дезинфекциялық қызметті жүзеге асы­ратын ұйымдар оқытылған персо­налы және қажетті жабдықтары болған кез­де жеке қорғаныш құралдарын қол­да­на отырып жүргізеді.
2. Дезинфекция жүргізу үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық эко­номикалық одақтың аумағында тір­келген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгі­зілген құралдар қолданылады.
3. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қол­да­нылады.
4. Дезинфекциялау құралдары­мен (дезинструктор, дезинфектор) жұмыс істеуге тартылатын мамандардың дезин­фекциялау бойынша даярлығы және жұмысты қауіпсіз жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқамасы болуы тиіс.
Аудан тұрғындарының назарына Т.Рысқұлов атындағы ауданның тауарлар мен көрсетілетін қызметтер­дің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармсы ұсынады:
1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды медицина­лық көмекке жүгінуді және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнді­ре­тін жағдайды қоспағанда тұрғын үйден шығуды шектеу;
2. Отбасы мүшелерін қоспағанда 3 адамнан аспайтын топтармен жүруді шектеу;
3. 65 – жастан асқан азаматтардың өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау.
Ескерту! Т.Рысқұлов аудан аймағында шектеу шараларын сақтамаған жағдайда, әкімшілік іс-шаралар қолданылады!

Поделиться ссылкой: