Тараз қаласы карантинге жабылады

590 Views

Тараз қаласының Бас мемлекеттік сани­тарлық дәрігерінің қаулысымен облыс орталығының аумағында 2020 жылдың 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі.
1)Төменде көрсетілгендерді қоспа­ғанда, барлық автокөлік құралдарының және азаматтардың қала аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады:
— медициналық қызметкерлер және санитарлық-эпидемиологиялық қыз­мет мамандары, авариялық-құтқару қызметтерінің, құқық қорғау органдары;
— азық-түлік тауарларын, медици­налық бұйымдар мен препараттарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды тасымалдайтын автокөлік құралдары;
— Тараз қаласының жедел штабы (тел: 43-15-16, 45-59-85) рұқсат берген тұл­ғалар мен автокөлік құралдары;
— тұрғылықты жеріне оралу үшін келетін немесе кететін адамдар және медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар.
2) Қоғамдық көлік сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
3) Төмендегі жағдайларды қос­па­ғанда, адамдардың және жеке көліктің Тараз қаласының аумағында еркін жүріп-тұруына тыйым салынады:
— жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері жүріп-тұру;
— азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу;
— медициналық көмекке жүгіну;
— мемлекеттік және әлеуметтік кө­мек алу мақсатында мемлекеттік меке­мелерге бару;
— күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар кезінде.
Бұл ретте, отбасы мүшелерін қос­пағанда, адамдардың 3 адамнан артық топ­­тасуына, сондай-ақ кәмелетке тол­­мағандардың ересектердің еріп жүруінсіз жүріп-тұруына тыйым са­лынады.
4) Жеке тұлғалардың жүріп-тұруы, оның ішінде көлік құралдарын бас­қаруды жеке қорғану құралдарын пайдалану кезінде ғана жүзеге асыруға міндетті.
5) Азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды, ветеринариялық дәріханаларды, бі­рін­ші кезекте қажетті тауарларды сату пункттерін, ауыл шаруашылығы техни­касына арналған автобөлшектерді, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөптерді өткізулерді қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, ба­зар­лардың, барлық азық-түлік емес тауарлар сауда нысандарының, авто­салондардың, автоқосалқы бөл­шектер сату салондарының, гүл павильондарының қызметі тоқта­ты­лады.
6) Барлық қызмет түрлерін көр­се­ту орындарының, оның ішінде: банк бөлімшелері және ломбардтар, «Қаз­почта» АҚ бөлімшелері, қонақ үйлер, сондай-ақ дөңгелек монтаждауға ар­нал­ған жеке тұрған бокстарды (екіден көп емес) қоспағанда, техникалық қыз­мет көрсету станцияларының қыз­меті, үй-жайлардағы балалар ойын алаң­дары­ның, хайуанаттар парктерінің, мұз айдындарының, көрмелердің және қызмет көрсету саласындағы өзге де осы­ған ұқсас нысандардың жұмысы тоқта­тылады.
7) Мейрамханаларға, дәмханаларға, бар­­ларға, асханаларға және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарына «тұтынушыларға жеткізіп беру» режимі бойынша сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
8) Меншік түріне қарамастан, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім беру, дайындық және дамыту орталықтарының қызметі тоқтатылады.
9) Халықтың жаппай жиналатын орындарына, оның ішінде саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, алаңдарға, бала­лардың ойын алаңдарына және қала тұрғындарының өзге де демалыс орындарына баруына тыйым салынады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: