Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жамбыл облысы аумағында төтенше жағдайға орай карантиндік режим жарияланғаны белгілі. Барлық талаптарды сақтау бойынша аудан аумағында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.
Т.Рысқұлов аудан әкімдігі жанынан «Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі аудандық жедел штабы 2020 жылдың 19 наурызында №3 шешіммен құрылған. Барлық сала басшыларын қамтыған 27 мүшесі бар штабта есепті мерзімде 9 отырыс өткізіліп, хаттамалық тапсырмаларға сай барлық округтер мен бөлім, мекемелерде уақтылы нәтижелі жұмыстар орындалуда.
Аудан аумағында Коронавирус індетін жұқтырған науқас тіркелмеген.Бірақ жалпы карантинге қамтылған 10 адам бар. Алты құрлықты аралап, адамзатқа қауіп төндірген індетке қарсы шараларға қатаң бақылау қойылған. Соның бірі- халықты жедел ақпараттандыру, сақтық шараларын сақтау, қауіпсіздікті нығайту, қоғамдық тәртіп пен жауапкершілікті күшейту. Аудан әкімдігі осы мақсатта белсенді жұмыс атқаруда.
Ауданда 10 адамнан тұратын ақпараттық топ, Жедел штаб бойынша әлеуметтік желіден арнайы 1 чат құрылған, СаLL-орталықта байланыс телефоны қойылған. Коронавирус дертінің алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс күшейтілді. Облыстық телеарнада 7 сюжет, ақпараттық сайтта 12 материал жарық көріп, аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына 280 ақпараттық пост; атқарылған жұмыс туралы 145 пост, 143 видео-үндеу, 30 хабарлама салынды.
Ақпараттық-насихат жұмыстарына 15 округтен 200-ге жуық ерікті жастар тартылып, 5 рет жадынама, ақпараттық парақша таратылып, 2 рет ғимараттарға талап ережелер ілінді. Еріктілердің қатысуымен 3 акция, 2 іс-шара өткізілді. Аудан аумағында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
Жалпы аудан бойынша 526 нысан бақылауға алынған. Аудан аумағындағы барлық халық көп баратын қоғамдық орындар мен нысандарды дезинфекциялау жұмыстары жіті жүргізілуде. Мекемелер жеке кәсіпкерлермен Келісім-шартқа тұрып, күнделікті вокзал, ХҚКО, АОА, Пошта, Банк, базар, сауда орталықтары, мемлекеттік мекемелер, аудандық және ауылдық округтер ғимараттары мен аумағына дезинфекциялау шараларын жүргізуде. «Таза су-2014» мекемесі Құлан ауылының басты көшесіндегі қоғамдық орындарға күніне 2 рет дезинфекциялау шараларын жүргізеді. Мекемеге қажетті антисептик құралдары 1 млн. 312 мың теңгеге алынса, 612 000 теңгеге мемлекеттік қызметшілерге көп реттік бетперде тігілді. Демеушілер мен еріктілер есебінен жеті мыңға жуық бетперделер даярланды.
Жаттығу жұмыстарын жүргізетін спорт нысандарының, мектептер мен қосымша білім беру, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жұмысы толығымен тоқтатылды. Аудан көлеміндегі 12 мейрамхана, тойхана және 95 сауда үйі, дүкендер, 32 тамақтану орындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы ескерту жұмыстары жүргізіліп, жұмыс режимі шектелді.
Ауылдық елді мекендер және аудан орталығына қатынайтын қоғамдық көліктерде дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізіліп, бұл жұмысқа жауапкершілікті «Құлан Логистик» ЖШС-і атқарды; орталықта 8 автокөлік пен ауылдарға қатынайтын 6 автокөлік сағат сайын залалсыздандырылды.Карантиндік режимге сай көлік қозғалысына уақытша тоқтау қойылды.
Ауданда Луговой темір жол станциясы аумағына 3 рет әкімдіктің жедел штабы тарапынан дайындығы тексерілді. Қазіргі уақытта барлық сақтық шарасы талапқа сай, әр поезд келіп-кеткен соң дезинфекциялау шарасы, жолаушыларды тіркеу жүреді.
Індетке қарсы күресте халық денсаулығын сақтау-кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан аудандық денсаулық саласы қызметкерлеріне зор жауапкершілік жүктелді. Аудандық орталық ауруханада 75 дәрігер, 300 орта буын қызметкерлеріне Коронавирус дертінің алдын алу бойынша ақпараттық нұсқама өткізіліп, медициналық көмек көрсету дайындығы бойынша ТҚҚСҚББ мамандарының қатысуымен 9 семинар-сабақ өтті, дәрігерлермен 16 тренинг жүргізілді.
Аудандық орталық аурухана дезинфекциялық құрылғылармен жеткілікті жабдықталып, қазіргі уақытта карантиндік режимге көшірілді.
Дәрігерлер тарапынан күнделікті үйме-үй аралау жұмыстары белсенді жүргізіліп, науқастарды анықтау, кеңес беру, түсіндіру шаралары өтті.
Коронавирусты аурулармен қатынаста болған науқастарды бақылауға жатқызуға аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінен 3 бокс, әр бокста 2 төсектен 6 төсек даярланып, қосымша 20 төсек орын қойылды.
Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін вирусқа қарсы препараттар қоры жасалды.Аудандағы дәріханаларда антисептикалық құралдардың болуын қамтамасыз ету бойынша күнделікті мониторинг жүргізілуде. Жеке кәсіпкер тігіншілер /5 кәсіпкер/ көмегімен көп реттік 3500 дана бетперде тігілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан берілген тізім бойынша 2020 жылдың 10 сәуіріне шет мемлекеттен келген 10 адам нақты түрде 14 күндік үйдегі бақылауда, жағдайлары тұрақты.Күнделікті телефон байланысы арқылы мониторинг жүргізілуде.Алматы, Нұрсұлтан және басқа қалалардан келген 1616 адам, оның ішінде 800 студент бақылауда 96 жүкті әйел бар. Мониторинг күнделікті жүргізілуде. Тұрақты түрде үй аралау жұмыстары күшейтілді, күнделікті 3450-3700 аула қаралады. Дене қызуы және жөтелі бар адамдар тізімі жасалынып, амбулаторлық ем қабылдауда.
Коронавирус жұқпалы ауруының алдын-алу және таралмау іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында науқастарды топтастырмау үшін аурухана мамандары үйден қызмет көрсету іс-шарасын күшейтті. 2020 жылдың 20 наурыз -10 сәуір аралығында 6854 рецепт шығарылып, барлығы 34 980 247,19 теңге дәрі-дәрмегі мейірбикелер арқылы науқастардың үйіне жеткізілді. Үйге дәрігерді шақыру-767; телефон байланысы арқылы қашықтықтан — 161 адамға еңбекке жарамсыз парағы ашылды.
Коронавирус індеті туралы 30000 дана парақша таратылды.
Індеттің алдын алудың ең тиімді жолы – оқшаулану. Бұл әлемдік практикада өз нәтижесін беруде Сондықтан аудан аумағында оқшаулау жұмыстары қатаң бақылауға алынды. Аудан аумағында 3 Блок-пост қойылған. Барлығы электр жарығымен, бейнебақылау камераларымен, санитарлық, тұрмыстық керек-жарақтармен (биотуалет, жылытқыш, қолжуғыш, антисептиктер және т.б.) жабдықталған. Бетон блоктар қойылып, сырланған. Кезекшілікте тұрған жалпы саны -6 маман да тиісті талаптарды меңгерген, тексеру, түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізуде. Аудан аумағында көпшілік пайдаланатын жеке такси қызметіне шектеу қойылды. Луговой-Құлан аралығындағы, ауылдық елді мекендерге қатынайтын маршруттар уақытша қысқартылды.
Барлық 15 округте карантиндік ереже енгізіліп, талаптары қатаң бақылауда. Учаскелік полиция қызметі мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан рейді жүргізілуде. Есепті мерзімде Төтенше жағдай талабын бұзған 1 оқиға /Ойын-компьютерлік орталық жұмысы/ анықталып, жауапкершілікке тартылды, жалған ақпарат таратушы 1 топпен /Каменка ауылы/ түсіндіру шарасы жүргізілді. Аудандық прокуратура мен полиция бөлімі тарапынан түсіндірме жұмысы жүргізіліп, халыққа аудан прокурорының хабарламасы таратылды. Қылмыс пен құқық бұзушылық тәулік бойы қатаң қадағалауға қойылды.
Ауданда төтенше жағдайға байланысты барлық тойхана, ресторандар жабылды, отбасылық іс-шараларға тоқтау қойылды. ХҚКО-на келетін адам санын қысқарту үшін ауылдық округтерде ашылған «Цифрлық орталықтар» арқылы қажетті құжат алу жұмысы ұйымдастырылды. Аудандық ХҚКО онлайн режимінде жұмыс атқарады, ғимаратта медициналық бұрыш ашылған, барлық сақтық шаралары сақталып, дезинфекциялық құралдармен қамтылды.
Халық көп шоғырланатын орындар «Қазпошта» мен «Халық банк» ғимараттарына келушілердің арақашықтығын 2-2,5 метрден орналастыру үшін арнайы орын белгіленген. Келген халықпен кезекшілікке қойылған ауылдық округ әкімі аппаратының, полиция бөлімінің учаскелік инспектор мамандары жұмыс атқаруда. Қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген. Орталықта дауыс ұлғайтқышпен үздіксіз ескерту хабарламасы айтылуда.
Аудан аумағында барлық елді мекенде көмекке аса мұқтаж отбасыларына азық-түлік көмектері ұйымдастырылып, «Жан жылуы» қайырымдылық қоры, «Мейірім» қайырымдылық дүкені және жомарт азаматтардың демеушілігі арқылы көмектер берілуде. Бұл жұмыс әлі де жалғасатындықтан ірі кәсіп иелері мен шаруашылықтарды, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді, кәсіпкерлерді осы істе қолдау білдіруге шақырамыз.
Биыл да аудан аумағында ауылдық елді мекендердегі және аудандық маңызы бар асфальт жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 796 млн.739 мың теңге қаражат бөлінсе, Бәйтелі, Әбжапар ауылдарында су құбыры желілері мен су іркуіш құрылысы, Құмарық, Жарлысу ауылына су құбыры желісі мен су алғыш құбырын салу, Құлан ауылындағы орталық су алғыш құрылысын реконструкциялау жұмыстары жүргізілетін болады. Қазақ ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепке мәжіліс залы және екі пән кабинетінің құрылысы салынып, Рахым Сәбденов ауылындағы Ақбұлақ, Көгершін ауылындағы Ақтоған, Құмарық ауылындағы Болтай батыр, Қарақыстақ ауылындағы Бауыржан Момышұлы және Қызылшаруа ауылындағы №3 шағын орталықты орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасындағы қалалардың және аудандық елді мекендердің объектілерін жөндеу шеңберінде жүзеге асатын аталмыш мектептердің құрылыс жұмыстарына 1 млрд. 60 млн. 369 мың теңге қаражат бөлініп отыр. №1 мектеп-лицейінде, Әлихан Бөкейханов және Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінде «Жұмыспен қамтудың жол қартасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асатын күрделі жөндеу жұмыстарына 893 млн. 60 мың теңге қаражат бөлінген 39 мектептің 26-на әжетхана орнатуға 142 млн. 60 мың теңге қаражат бөлініп отыр. Осы аталмыш құрылыс жұмыстарына ауыл азаматтарын қамтып, ауылдық жерде жұмыссыздықты қысқарту шаралары, жастардың, ауыл тұрғындарының ел игілігі жолындағы істерге белсенділік танытуы басты мақсат саналуда.
Аудан әкімінің 2020 жылғы 27 наурыздағы «Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі штаб құру туралы» №19 өкімі бекітілген. Штаб халықпен тікелей жұмыс атқарады.
Бүгінгі күнге әлеуметтік төлем алуға 194 жұмыс берушіден 225 азаматқа өтініш түскен, «Азаматтарға арналған үкімет» МККЕАҚ Т.Рысқұлов аудандық мекемесінің әлеуметтік қамтамасыз ету бөліміне жолданған.
Телеграмм-бот, Egov сайты, «Еңбек» порталы арқылы 8058 өтініш қабылданған.Алғашқы тапсырған азаматтар әлеуметтік төлемдерге қол жеткізуде. Аудандағы кәсіпорындар толық қуаттылығында жұмыс атқаруда, жұмысшыларды қысқарту фактілері жоқ, ақысыз демалысқа жіберілгендер жоқ. Халыққа әлеуметтік төлемдері /АӘК, зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақы/ толық уақтылы төленуде. АӘК алатын отбасы балалары үшін кепілдендірілген азық-түлік пакеті алынып, таратылды.
Ауылдық округтерге шыққан Штаб мүшелерінің мәліметіне сәйкес тұрғындар тарапынан карантин режимі сақталуда, елді мекендерде азық-түлік дүкендері мен шағын дәріханалардан басқа нысандар жұмысын тоқтатқан. Сауда орындары мен ұсақ дүкендерде коронавирустан қорғану жөнінде ақпараттық құралдар, тақтайшалар (инфографикалар) ілінген, топтасып кіруге, бетпердесіз қарым-қатынас жасауға тыйым шаралары қолданылуда.
Ауданда азық-түлік бағасы нарқын тұрақтандыру мақсатында жұмысты үйлестіруші 17 мүшесі бар Штаб құрылған. Басты жұмысы-күнделікті азық-түлік тауарлар нарқын бақылау, жеке кәсіпкерлермен жұмыс.
Ауданға жеңілдетілген бағамен 28 тн қант әкелініп, ірі сауда орталықтарында /»Қаракөз», «Аяжан», «Ақ босаға», «Ару»/ сатылды. Қазіргі уақытта қосымша 30 тоннаға өтінім берілді.
Ауданда біршама азық-түлік қоры жасақталған, мысалы: 50 тонна ұн /«Ақтоған» ЖШС-30 тн; «Нұртау Әулиеата» ЖШС-20тн/; 15 тонна макарон өнімдері / «Ақтоған» ЖШС/; 4 тонна тауық еті /«Бидайшы» ШҚ/, 15 тонна сәбіз /«Жастар болашағы» ШҚ/; пияз -10 тонна; Аудан әкімдігінің бастамасымен Павлодар облысынан ауданға 68 тонна картоп жеткізіліп, барлық елді мекендерге таратылып, нарықтағы бағадан төмен 130 теңгемен сатылуда. Павлодар облысымен 140 теңгеден картоп және 70 теңге сәбіз жеткізуге тағы келісім жасалып, сәуір айының соңына дейін жеткізу жоспарлануда. Күріш, дәнді дақылдар қоры жеткілікті, бағалары қолжетімді, қымбаттаған жоқ.
Тізілімдегі әлеуметтік мәні бар азық-түлік бағасын сақтау бойынша тиісті мамандар жеке кәсіпкерлермен Келісім жүргізілген. Аудан аумағында отандық өнім ретінде «Ақтоған» 1 сұрыпты бидай ұны кг 120 теңгеден (шекті баға 149 теңге/кг), макароны кг 184 теңгеден (шекті баға 206 теңге/кг) төмен бағамен сатылуда.
Пилоттық жобамен жұмыс атқаратын Құмарық ауылдық округінде де жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, белгіленген ауыл шаруашылығы жұмыстары талапқа сай ұйымдастырылуда. Жаңа алынған 17 жаңа техникалар-трактор, машиналар кең қолданысқа енді.
Аудан аграрлы аймақ болғандықтан, ауыл шаруашылығы жұмыстарына басымдық беріледі. Қазіргі уақытта бұл жұмыс әкімдіктің қатаң бақылауында. Ауданда 2020 жылдың өніміне 2019 жылы күзде 53916 гектар күздік бидай, 275 гектар күздік арпа себілді.
2020 жылдың көктемінде 3500 гектар жаздық бидай, 56220 гектар жаздық арпа, 100 гектар дәндік жүгері, 8409 гектар майлы дақылдар, 320 га қант қызылшасы, 195 гектар картоп, 209 гектар көкөніс, 95 гектар бақша, 3800 гектар көпжылдық шөп егілетін болады.
Егілетін масақты дәнді дақылдар мен мақсары дақылының тұқымдары жеткілікті көлемде ауданда қолда бар. Себілетін тұқымдарды АШТӨ-і тазалап, аудандық тұқым зертханасынан тексертіліп, себілуде.
Көктемде себілетін дақылдар үшін айдалып, дайындалған егістік жер көлемі — 71853 гектар. Көктемде 18804 гектар егістік жер айдалынды.
Бүгінгі күнге (13.04.2020 жыл) 59720 гектар жаздық масақты дақылдардан себілгені 48330 гектар (81,0 пайыз). 2920 гектар көпжылдық шөп жоңыша (76,8%), 63 гектар көкөніс (30,1%), 3740 гектар майлы дақыл мақсары (44,5%), 33 гектар картоп (16,9%), 320 гектар қажетті 480 с.б. қант қызылшасы тұқымынан, 330 с.б. алынып (68,7 пайыз), 60 гектар қант қызылшасының тұқымы себілді.
Ауа райының қолайлылығын тиімді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы мерзімде себу үшін жұмыс жүргізілуде.
Аудандағы 445 дана әр түрлі маркадағы тракторлар мен қажетті қондырғылар көктемгі егіс-дала жұмыстарына дайындық сапына қойылып, тиісті жұмыстарын атқаруда.
Көктемге жоспарланған барлық дақылдар ауа райының қолайлылығын пайдалана отырып, толығымен орындалады. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дизель отынына тапшылық жоқ.
Көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алу жұмыстары негізінде аудан аумағындағы су қоймаларының жағдайы тұрақты. Су қоймаларындағы су мөлшері 50%-дан аспайды. Таулы аймақтарда орналасқан елді мекендердің су келетін арықтары мен каналдарына тазарту жұмыстары жүргізілген.
Ең басты міндет – халық денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мақсатта жоспарланған жұмыстардың сапалы жүргізілуі ауданның әр азаматына тікелей байланысты. Белгіленген карантиндік режимді қатаң сақтап, қауіпті індеттің алдын алуға болады. Бірлік пен тірлік болған жерде алынбайтын қамал жоқ. Тек тәртіп пен жауапкершілікке мән берейік!
Е.Садырқұлов,
аудан әкімі, аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі аудандық жедел штаб төрағасы.