Бердібек Сапарбаев жұмыс кеңесін өткізді

515 Views

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз орынбасарларымен кеңес отырысын өткізіп, онда өзекті мәселелер сараланды. Аймақ басшысының орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі туралы есеп берді.
Бірінші кезекте коронавирустық инфекциямен күрес және аймақтағы шектеу шараларын сақтау мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, күн тәртібінде көктемгі-дала жұмыстарының орындалу барысы, карантин режимі жағдайында өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтірудің алгоритмдері қаралды.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес дағдарысқа қарсы шаралар аясында жобаларды жедел және тиімді іске асырудың маңызы зор. Аталған жобалар, оның ішінде газ және сумен жабдықтау, аумақты абаттандыру бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған.
Бердібек Сапарбаев ағымдағы жылға жоспарланған және өңір экономикасының дамуына негізгі әсер ететін негізгі жобаларды бақылауда ұстау және іске асыру қажеттігін атап өтті.
Осы қиын уақытта халықты қолдауға келетін болсақ, 200 мыңнан астам жамбылдықтар 42 500 теңге көлемінде көмек алды.
Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарынан тұратын жеті санаттағы азаматтарға 15 мың теңге көлемінде коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу тетігі пысықталуда. Облыс бойынша оған 119 мыңға жуық адам үміткер.

Жамбыл облысы әкімінің
баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: