Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Құрметті, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Құрметті, жерлестер мен аудан тұрғындары, майдангерлер ұрпақтары!
Сіздерді Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мемлекеттік мерекелер — батырлардың даңқты рухын ардақтап, Отанға адал қызмет етуді айқындайтын айтулы күндер.
Бұл күнi бiз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетемiз. 7 мамыр — егемен елiмiздiң қарулы күштерiнiң мерейiн асқақтататын, Отан үшiн отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Бұл күннiң мемлекетiмiздiң болашағы үшiн маңыздылығы жоғары, себебi әрбiр қазақстандықтың ұлы да, құрметтi мiндетi Отанды қорғау екені белгілі. Отандастарымыз үшін бұл мереке- батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді.
Ал бұл қасиет бізге даңқты бабаларымыздан бойға сіңген.Ерлік-елге мұра, ұрпаққа — үлгі. Әлемде ІІ дүниежүзілік соғысы атауымен тарихта қалған қан құйлы қырғын 70-тен аса мемлекетке жүк салып, адамзат тарихында ең зардабы мол соғыс болды. Бұл соғыстағы Ұлы Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды.
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста біздің жерлестеріміз де қайсар ерліктің үлгісін көрсетіп, есімдерін тарих бетіне алтын әріппен жазды. Ауданымыздан алты мыңнан астам адам майданға аттанып,, тең жартысы ұрыс даласында жан қиса, тыл еңбеккерлері де майдан үшін, жеңіс үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, жауынгерлерді қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтыды.
Бүгінгі ұрпақ осынау Жеңіс күні адалдық пен еліне деген ерліктің үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз! Ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз.Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақтала беретін болады. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен мемлекетіміздің гүлденуі де – осынау Ұлы Жеңістің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзеді. Халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісін ұлықтаған даңқты мереке — батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып саналады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің сарбаздары бұл даңқты жоғары абыроймен жалғастырып келеді.
Қадірлі, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, қаһармандығы мен ерлігін әлемге танытты. Сондықтан Жеңіс күні –аға ұрпақтың ерлігі мәңгілікке ел жадында сақталатын ең қастерлі мереке. Бұл ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жеңісі. Өз тарихында қайғы-қасіреті мен зардабы жағынан бұл соғыс күллі адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыс болды. Осы Жеңіс жолында миллиондаған адамдар құрбан болып, біз бұл Жеңісті жас боздақтар мен әкелер мен аталардың өмірімен өтедік. Ел басына күн туып, өмір мен өлім арпалысқан шақта қан майданда қазақ жауынгерлерімен бірге біздің ауданнан үш жарым мыңнан аса жауынгер шейіт болды. Біз олардың өлмес рухына әрқашан да бас иеміз, мәңгілік есте сақтаймыз!
Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз. Бейбіт өмір үшін, жас ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қан майданнан оралмаған батыр қандастарымыздың есімі мәңгі ел есінде. Сондықтан қан майданнан оралмаған жерлестірімізді ұлықтаудан жалықпаймыз!. Ал осы күнге жеткен ортамызда жүрген қазыналы қарияларымыз әрқашан мемлекеттің қамқорлығында. Осынау айтулы мерекеде барша ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін, жалпы аудан жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық пен жақсылық, шаңырақтарына шаттық, бақ пен береке тілейміз! Туған еліміздің іргесі бүтін, тәуелсіздіктің көк байрағы биік, мәртебеміз жоғары, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Е.Садырқұлов, аудан әкімі. Т.Жаманбаев, мәслихат хатшысы.