Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
47 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
Мамыр айының басында Қызылшаруа ауылының азаматы, жеке кәсіпкер Бақыт Тұрарұлы Тілеубаев ауылдағы көмекке мұқтаж отбасыларына қайырымдылық шарасын жасады.
Осы шараға Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Самат Атабаев қатысып, мұқтаж отбасыларға 45000 теңгеден 7 бас қой сатып алып, тұрғындарға таратты. Сонымен қатар 15000 теңгеден 7 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді. Халық бата беріп, ізгі тілектерін білдірді.
Дәл қазіргідей қиын жағдайда халықты рухани және материалдық жағынан қолдау тұрғындардың еңсесін көтеріп тастады. Ауыл тұрғындары да ауыл кәсіпкерлеріне алғыстарын айтты. Бұл өзі рахым айы – Рамазандағы ізгі де игі шараның бірі болды.
«Құлан таңы» ақпарат.