Қайран Ыбырай-ай…
«Ұлт саналы болса – бақытты, ал санасыз болса – сор» деген Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлағатты сөзіне ешкім де дау айта қоймас, сірә. Ұлт қамын қара басынан биік қойған Шәкәрім атамыздың осынау дана сөзі жаңартылған жасампаз қоғамда да маңызын жоймай келуінің де өзіндік себебі бар деп түйген жөн. Өйткені, жер бетінде ұлттың ұлт болып қалыптасуы саналы ұрпақтың өрісінде жатыр. Жас ұрпақтың санасы көксеген сайын, ұлтымыздың ұлылығы ұлықтай түсетіні тағы бар. Енді өскелең ұрпақтың саналы да білімді болуына кімдер жауапты дегенге келсек, біріншіден, ұлағатты ұстаздар қауымын тілге тиек етер едік. Неге? деген сауалға сан түрлі жауаптарды тізуге болар еді. Дегенмен, Ыбырай Алтынсариннен асып қайда барамыз. Сондықтан Алтынсариннің алтыннан да қымбат құнды сөзінен артық пікірді білдіре алмасымызды біліп отырмыз. Ол «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені — мұғалім мектептің жүрегі» деген. Осындай қиын кезеңде жүріп жатқан қашықтан оқыту сәтінде Ыбырай Алтынсариннің есті сөзі ұстаздар мен оқушы қауымға үлгі болса екен дейміз…
Жолдасбектің Мараты.