Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
23 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Аудандық полиция бөліміндегі есепте тұратын адамдарға жұмыс бөлімінің басшысы, әділет майоры А.Сүкенов жақында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіріп, жеке құрам мүшелерін таныстырды. Ол хабарлама тақтасындағы аты жазылған яғни істі болып, сотталып келген, қазір пробация бөлімінде есепте тұратын адамдарға Жолдаудың толық мәтінін оқып беріп, оның маңызды тұстарын түсіндірді. Әсіресе, індетпен күрестің маңыздылығына тоқталып өтіп, Мемлекет басшысы айтқан зейнетақы төлемдерін алудың жолдарын және әлеуметтік төлемдер туралы, жемқорлық туралы мәселелерге тоқталды. Түсіндіру жұмысына қатысып отырған әр азамат осынау саяси құжаттың өмірден ерекше орын алатынын және Президент Жолдауына бүкіл ел болып қолдау көрсететінін білдірді.
А. Тағашбаева,
пробация қызметінің инспекторы, әділет қызметінің аға лейтенанты.