Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жамбыл облысы бойынша халық саны 2020 жылдың 1 тамызына 1135446 адамды құрады. Жалпы Тұрар Рысқұлов ауданына келер болсақ, 2020 жылдың 1 тамызына 64810 адам тұрады, оның ішінде ерлер саны 33040, ал әйелдер саны 31770. Келесі кезекте 2020 жылдың қаңтар – шілде айларындағы халықтың табиғи қозғалысы туралы мәліметтерге тоқтала кетсек. Туылған балалар саны 885, ал қайтыс болған адамдар саны 280 болып отыр. Осы көрсетілген көрсеткіштерден табиғи өсім 605 санын көрсетіп отыр. Халықтың табиғи қозғалысының тағы бір бөлімі ол некелер мен ажырасулар. Бұл туралы мәліметтерге тоқталар болсақ, 2020 жылдың қаңтар – шілде аралығында 215 отбасы отау көтерсе, 47 ажырасу тіркелген.
Ауданымызда өздеріңіз білетіндей әр түрлі ұлттың өкілдері тұрады. Осыған орай ауданымыздағы этностар туралы мағлұматтарға тоқталсақ. 2020 жыл басына қазақтар 59477, орыстар 2665, қырғыздар 646 адамды көрсетуде, сонымен қатар татарлар 423, өзбектер 361, немістер 168, шешендер 145, украиндар 107, ұйғырлар 131, корейлер 51 адам болса, басқа да этнос өкілдері барлығы 329 адамды құрайды.
Б.Пірімқұлов,
аудандық статистика басқармасының басшысы.