Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
114 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – әрбір ұлттың жан дүниесі, өлшеусіз қазынасы. Елбасы Н.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып: «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар, ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Шынында да, мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілін мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі деп тануымыз керек. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының төл борышы.
Қазақ тілі әлемдегі барлық мемлекеттік тілдер сияқты өзінің егемендігін алған тіл. Қазақстанда тұратын әр азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті. Тілге деген құрмет халыққа деген құрмет. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің жаңа Жолдауында тереңірек мән берді. Тілдің келешегіне, оның қолданылу аясына байланысты өзінің ой-пікірін айтты.
Иә, мемлекеттік тіл еліміздің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, барлық іс қағаздары мен құжаттар қазақ тілінде жүргізілуге тиіс.
Б.Мұхтарова,
«Қазақстан заңгерлік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының мүшесі.