Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы менің көңілімнен шықты. Себебі, аталған Жолдауда қарапайым халықтың әл-ауқатын арттыру, халыққа жасалатын әлеуметтік мәні бар жағымды істер жөнінде айтылған. Соның ішінде халық санын арттыру бағытында атқарылатын жұмыстар ойға қонымды дер едім. Мемлекет басшысы бұл мәселеге қатысты қатты алаңдайтындығын айтып, орынды ұсыныстарын да жеткізді. «Отбасылық-демографиялық ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандастарымыздың 20 пайызға жуығы мұны ажырасуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының еліміздегі халық санының өсіміне қатысты болжамы Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда көңіл көншітпейді. Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту қажет» — деп жауапты мамандарға ауыр жүк артты. Егер де аталмыш бастама өз деңгейінде орындалып, жоспарлы түрде жүзеге асса, еліміздегі демографиялық ахуалдың жақсаратыны айдан анық.
Одан бөлек Мемлекет басшысы Жолдауда елдің одан әрі өркендеуіне қажетті 7 бағытын айқындап, фармацевтика саласының елде толықтай дамуын, дәрі-дәрмекпен елдің қамтамасыз етілуін қадағалайтынын айтты. Осы өлара кезеңде мемлекет табысынан айырылған азаматтарға көптеген көмектер көрсететінін ашып айтты. Сонымен қатар, жер халқымыздың басты байлығы болғандықтан, шетелдіктерге сатылмайтынын да нақтылап атап өтті. Осылайша ел Президенті халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді қозғап, шешімін табу жолында аянбай қызмет етуге шақырды.
Жолдауда айтылған мәселелер халыққа жасалған қамқорлық деп білемін. Аталған бастамаларды қолдай отырып, Жолдауда көрсетілген мақсаттарды орындауға барша медицина қызметкерлері өз үлесін қосады деп ойлаймын.
Р. ЖҰМАНҚҰЛОВА,
аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары.