“Әдет күші” кітабын тарту етті
0 ViewsОблыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы өңірімізде кеңінен қолдау табуда. Күні кеше аудан әкімінің аппарат басшысы Ернар…
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп тұратыны белгілі. Сәрсенбі күні Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің алдындағы ашық алаңда өткізілген кезекті жәрмеңкенің тақырыбын ұйымдастырушылар: «Сөзден — іске» деп атапты. Қатыстық, көрдік.
Нәтижесінде жәрмеңке барысында аудан тұрғындарына «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гран беру, «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға, техникалық әрі кәсіпкерлік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету, бағдарлама аясында республикамыздың солтүстік өңірлеріне көші-қон және қоныстандыру мәселелері бойынша, сондай-ақ, жастар тәжірибесімен қатар ақылы қоғамдық жұмыс орындары жөнінде жұмысқа ниет білдірген азаматтарға тұшымды кеңес берілді.
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Сапар Құлманов жәрмеңкеге 78 жұмыссыз азамат пен азаматша қатысқанын, 29 жұмыс берушіден 84 тұрақты, 150 ақылы қоғамдық жұмысқа сұраныс келіп түскенін айтты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 22 адам тұрақты, ал, 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды.
Марат Жолдасбекұлы.