Ағаш көшеттері отырғызылды
64 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Қарақыстақ ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің директоры Мейманханов Мұратжан Құрманжанұлымен 2016 жылы танысқан едік. Алғаш көргенде мінезі ауыр кісі ме деп топшылағаным рас. Сөйлесе келе, Мүкеңнің бойынан кішіпейілділікті, ең бастысы айтқан уәдесін екі етпей орындайтын сөзге беріктігін аңғардым. Қазақ халқының даңқты батыр ұлының есімін еншілеген мектеп ұжымын басқарып отырғанына да талай жылдың жүзі болған мектеп басшысымен танысқанымызға да 4 жыл өтіпті. Осы жылдарда өз басым «Мүкең осындай екен» болмаса «Мүкең бүйтіпті» деген жайсыз әңгімені естіген емеспін. Естіртпесін де.
Қазір республика аумағында праймериз науқаны қызу жүріп жатыр. Мұратжан Құрманжанұлы да осы науқанға қатысуды құп көріпті. Сайлауалды бағдарламасын зерделеп оқып шықтым. Мүкең 6 бағытты негізгі бағдар етіп алған екен. Ол әлеуметтік желіде жарияланды. Сондықтан сөзбе-сөз тізбектеп жазып жатудың еш қажеті бола қоймас. Ұстаздар күні қарсаңында Мүкеңе телефон шалдық. Ол әдетінше кішіпейілділік танытып, сабырлы қалыппен: «Қоя беріңіз сұрағыңызды» деді. Ондайда тартынып қаласың ба? Сұрақты үсті-үстіне төпелеттік-ай келіп. Сонда Мүкең ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» атты өлеңінен үзінді оқып берді.
«Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес па екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса». Таңырқап қалдым шыны керек. Мүкеңнің жан-жақты азамат екеніне осы жолы анық көзім жетті. Ал әңгіме ауаны праймеризге ауысқан сәтте:
-Мектеп басшысы емес, еліміздің кәдуілгі азаматы ретінде өз ойымды білдірейін. Праймеризге қатысудағы басты мақсатым – халықтың әлсіз топтарына, тыл ардагерлеріне, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, мүгедек жандарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқоршылықтағы және қорғаншылықтағы отбасы балаларына қолдау көрсету. Білім саласында қызмет етіп жүргендіктен бұл жағдайлар маған таңсық емес,-деп жауап қайырды Мұратжан Құрманжанұлы.
Марат Диханбай.