Тәрбиенің өзегі – балабақшадан басталады
14 Views«Театр – киімілгіштен басталады» деген сөз бар. Сол секілді бала тәрбиелеу ісінің алғышарты да балабақшадан басталатыны сөзсіз. Осы ұғымды мақсат еткен аудандық аналар кеңесі…
Жыл күнтүзбесінде кәсіби мерекелер өте көп. Солардың ішінде 10 қазан – кәсіподақ мүшелерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген. Осы бір айтулы мереке қарсаңында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиын өтті. Оған аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева, аудандық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов және әр салада аянбай еңбек етіп жүрген кәсіподақ мүшелері мен ардагерлері қатысты.
Кәсіподақ ұйымдарының ең басты мақсаты — еңбек адамының мүддесін қорғау. Сондай-ақ, кәсіподақ қозғалысын дамыту, оны әрмен қарай жандандыру бастауыш ұйымдарының маңызды міндеттерінің бірі. Біздің ауданда аталмыш сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да жетерлік. Атап айтар болсақ, ауданда мәдениет, денсаулық, спорт, білім, банк және мемлекеттік қызметкерлердің мүддесін қорғайтын бастауыш кәсіподақ ұйымдары нәтижелі жұмыс атқаруда.
Кездесу барысында алғашқы болып сөз алған аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы жоғарыда аты аталып өткен кәсіподақ ұйымдарының жұмысына өзінің жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, әрбір салада, әрбір ұжымда кәсіподақ ұйымдарының ерекше рөл атқаратындығын жеткізіп, ұтымды ұсынысын ортаға салды. «Біздің аудан аграрлы аймақ болып саналатындықтан, осы саланың жұмысын қайта зерделеп көруіміз қажет. Себебі, аудан кірісінің басым көпшілігі осы саланың жұмыс нәтижесіне тікелей байланысты. Онда қызмет ететін әрбір адамға айрықша назар аударып, олардың мүддесін барынша қорғауымыз қажет, — деп орамды ойымен бөлісті. Сондай-ақ, аудан әкімі қазіргі таңда білім саласының қызметкерлеріне жіті көңіл бөлініп отырғандығын нақты атап өтті. «Еліміздің тірегі болып есептелетін кейінгі толқын ұрпақты тәрбиелеп отырған ұстаздардың қоғамдағы рөлі орасан зор. Сол себепті де, мұғалімдердің мүддесін қолдан келгенше қорғауымыз қажет. Былтыр білім саласының қызметкерлерімен кездескенімде ұстаздардың тарапынан өте маңызды мәселелер көтерілген болатын. Олардың бәрін орындай алмасақ та, бірқатарын нақты жүзеге асырдық. Егер де өзге де кәсіподақ ұйымдарында дәл осындай ұсыныстар болатын болса, тыңдауға әзірміз» деп кәсіподақ мүшелерін келіп жеткен кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов та өзінің ізгі тілегін арнап, кәсіподақ ұйымдарының маңыздылығы жөнінде кеңінен ой қозғады. Ізінен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары мен төрағалары сөз сөйлеп, жыл бойы атқарған жұмыстарын қысқаша баяндап берді. Олардың қатарында З. Оразалиева, Ш. Сәрсенқұлова, А.Баймұратова, А.Ақберді сынды кәсіподақ жетекшілері бар. Баяндамашылардың оябы бөлек сүбел сөздерінен көптеген жұмыстардың атқарылғандығын аңғардық. Атап айтар болсақ, кәсіподақ жетекшілері өздеріне келіп түскен арыз-шағымдарды, еңбекке қатысты даулы мәселелерді Заң аясында шешуге тырысыпты. Сонымен қатар, кейбір қызметкерлердің қосымша жұмыстарына төленетін еңбекақы мәселесі де аудан әкімінің ықпалымен өз шешімін тауыпты. Бұл туралы білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнұр Манатбекқызы мәлімдеп берді. Оның айтуынша, әдістемелік бірлестік жетекшілеріне қосымша жұмысы үшін төленетін еңбекақы қайта қалпына келтіріліп, бүгінде төленіп жатыр екен. Сол үшін кәсіподақ ұйымының төрайымы аталмыш жұмыстардың жандануына ерекше қолдау білдірген аудан әкімі Ерболат Садырқұловқа өз ризашылдығын білдіріп, шексіз алғысын жеткізді.
Алғыс арқалаған аудан әкімі кездесу соңына қарай мәдениет, білім, денсаулық, спорт салаларының белсенді қызметкерлері мен ардагерлерін марапаттап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Одан соң кәсіподақ ардагерлерімен жеке тілдесіп, ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.