Бағдарлама өз жемісін беруде

479 Views

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету» бойынша ағымдағы жылы кәсіби даярлау оқуына 50 адам оқыту жоспарланып, 10967,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бөлінген қаражаттың 8072, мың теңгесі игерілді. Ағымдағы жылы 50 адам «экскаватор-операторы», «самосвал жүргізушісі», «тігінші» және «аспазшы» мамандықтарына оқуға жіберілді. Оның ішінен 35 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында биылғы жылға аудан бойынша республикалық бюджеттен инфрақұрылымдық 75 жобаларға 3 миллиард 248 млн.600 мың теңге қаражат бөлінді. Жалпы 75 жоба бойынша ашылатын жұмыс орны 1082 жұмыс орнының 1086 жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамту интеграциялық жол картасына енгізілді. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасуға белгіленген 551 азаматтың 558 азаматы жұмысқа орналастырылып, жоспар 101,3 пайызға орындалды.
Бағдарламаның ІІ бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 170 азаматқа 720,3 млн. теңге несие беру, кәсіпкерлік негіздері бойынша 120 азаматты оқыту жоспарланып, «Бастау-Бизнес» жобасымен аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы 239 адам оқытылды. Тараз қаласындағы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» микрокредиттік ұйымы және кредиттік серіктестіктер арқылы 211 адам 748,1 млн. теңге шағын несие алды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 330 азаматқа 175449,0 мың теңге мемлекеттік грант берілді.
Бағдарламаның ІІІ бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша ағымдағы жылы «Жастар практикасымен» 80 жас түлектерді жұмысқа жіберу жоспарланып, бүгінгі күнге 51 жұмыс берушілерден жұмыс орындарына өтінімдер жинақталып, 84 адам жұмысқа жіберілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 60 азаматқа 12675,0 мың теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге 76 азамат жұмысқа жолданды.
Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 96994,0 мың теңге қаражат бөлініп, 1150 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 1153 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.

А.Назарбеков,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Поделиться ссылкой: