Көкжөтел дегеніміз не?
43 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Сіздерден біз әлемді еріксіз өзіне бағындырып отырған коронавирус індетінің таралуын алдын алу мақсатында қабылданған сақтық шараларын күшейтіп, қатаң түрде ұстануларыңызды сұранамыз. Сондай-ақ, біз қоғамдық тәртіпті қатаң бақылауға алып, көпшілік қатысатын іс-шаралардан бас тартуларыңызды өтінеміз. Мұның барлығы аудан тұрғындарының денсаулығы, елдің амандығы үшін қажетті іс-шаралар деп есептейміз.
Аудан аумағында аталған дерттің таралуына жол бермеу мақсатында әкімдік жанынан бес мобильдік топ құрылған. Бүгінде олар сақтық шараларын күшейту үшін түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Дегенмен, азаматтар арасында әлі де бейқамдық басым болып отыр.
Біздің ойымызша, ең әуелі әрбір азамат мамандар айтқан ережелердің талаптарын сақтай отырып, жауапкершілікті сезінуі тиіс. Көшеге шыққанда, азық-түлік дүкендеріне барғанда бетперде тағып, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдаланып жүру қажет. Бұл — өте маңызды.
Алайда, аудан тұрғындары арасынан шектеулерге бағынбай, отбасылық шараларды (келін түсіру, қыз ұзату, туған күн, мерейтой т.б) ұйымдастырушылар әлі де болсын кездесуде. Кей азаматтардың отбасылық іс-шаралар мен мерекелік жиындарды алдын-ала жоспарлап қойғаны айтпаса да белгілі. Дегенмен, дәл сондай жандар Заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ҚАТАҢ ТҮРДЕ ЕСКЕРТЕМІЗ.
Құрметті аудан жұртшылығы!
Енгізілген шектеулерді әр азамат, әр кәсіпкер түсіністікпен қабылдайды деп сенеміз. Барлығымыздың азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналатынын да ескергендеріңіз жөн болар.
ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ БӘРІНЕН ДЕ ҚЫМБАТ ЕКЕНДІГІН ЕСТЕН ШЫҒАРМАЙЫҚ!
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жедел штабы.