Ұлт мақтанышына айналған дарабоз

561 Views

Тәуелсіздік – бүгінгі қазақстан­дықтардың маңдайына туған бағы, көзінің қарашығындай сақтайтын асылы. Азаттық бізге оңай­лық­пен келмегенін түйсіне отырып, оның құнын, бағасын жоғалтпай ұстап отыру – біздің және біз тәрбиелеп отырған ұрпақтың борышы.
Қайбір жылы Астана қаласында өткен Тәуелсіздіктің 23 жылдығына арналған салтанатты шарада Елбасы­мыз: «Халқымыздың қастерлі Тә­уел­сіздігі мен Мәңгілік Еліміздің бо­ла­шағы мені үнемі толғандырады. Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы қажет деген сауалды мен өзіме сәт сайын қоямын. Осы жайлы ой орамдарын қағазға түсіріп, «Тәуелсіздік толғауы» деп атадым. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жа­лынды жастарға, бүгінгі буынның ерен істерін лайықты жалғастыратын ертеңгі ұрпаққа арналады,» — деп, «Тәуелсіздік толғауымен» таныстырып өткен еді. Мұндағы Нұрсұлтан Әбішұлының толғанысы әрбір жүректен орын алып, әрбір жанның көңілінен шығып, жігерлендіретіндей болғаны рас. Да­нышпандылығымен ел басқарған Елбасы егемендік жайлы тебіренісімен бө­лісіп жатқанда, біз неге оған қолдау көр­сетпеске?! Біз, қазақ елі, оның істеген ісін мақтанышпен айтып, айтқан сөзін ұран ету арқылы қолдау жасай аламыз.
Нұрсұлтан Назарбаевтың ай­шықты ойы мен даналық тұлғасын әр­қайсымыз, әсіресе, жастар үлгі тұтуы тиіс. Оның айтқан әр сөзі кеше мен бүгінді, бүгін мен ертеңді байла­ныстырып, кемел келешекке жол ашып берді. Ол қашанда жастарға мол үміт артты, өзін халқының қолдап-қуаттап отыратынына сенді.
«Тәуелсіздік дегеніміз – жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқу­шылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсе­тін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі,» — дей келе, Мәңгілік Ел мен Тәуелсіздік қағидаларын мүлтіксіз сақтай отырып, Қазақстанды жаңа биіктерге асқақтату – мәңгілік ұстанымымыз екенін де айтқан еді.
Сондықтан татулық туы астына хал­қын ұйыта білген Елбасының дана ойла­рымен бөлісіп, оны насихаттау – ел дамуына қалтқысыз қызмет етіп жүрген жандардың да, жастарымыздың да басты мақсаттарының бірі болуы тиіс.

Қожайхан Бижанов,
аудандық асқақалдар
Кеңесінің төрағасы.

Поделиться ссылкой: