Таразда «Дұрыс тамақтану» орталығы ашылды

596 Views

Жаңа орталық Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының базасында ашылды. «Дұрыс тамақтану» орта­лы­ғы­ның жетекшісі, Жамбыл облыстық көп­салалы ауруханасының диетологы Баян Баймұратованың айтуынша, орталықта азаматтарға дұрыс тамақтану бойынша ақпарат беріледі.
«Бүгінде дұрыс тамақтану мәселесі өзекті болып отыр. Бұл қоршаған ортаның бұзылуына, организмге қоректік заттардың жеткіліксіз түсуіне және дұрыс тамақтанбауға байланысты. Орталықта диетолог, эндокринолог, гастроэнтеролог және кардиолог мамандарының кеңесі ұйымдастырылған. Өйткені, дұрыс емес тамақтану үрдісі метаболизмді бұзады, бұл семіздікке, қант диабетіне, асқазан-ішек жолдары мен жүрек — тамыр жүйесінің ауруларына әкелуі мүмкін.
Кез-келген адам орталыққа келіп, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша қажетті ұсыныстар ала алады. Мысалы, семіздікке шалдыққандарға сарапшылар тағамды салмағына, бойына, жасына және жынысына қарай тағайындайды. Сондай-ақ, мамандар коронавирустан айыққан пациенттерге ағзаны қалпына келтіруге, дәрумендер пайдалануға, күрделі оталардан кейінгі науқастарға ем-дом түрлерін таңдауға көмек береді.
«Дұрыс тамақтану» орталығын ашу қажеттілігі әлдеқашан пісіп жетілген. Біздің азаматтарымыз өнімді таңдауға саналы түрде жүгінуі керек. Салауатты өмір салтын ұстанған адам дұрыс тамақтануға ден қойғаны абзал. Біз тұтынатын нәрсенің бәрі дененің жай-күйіне, көңіл-күйге, жұмысына әсер етеді. Орталық «Зер-Күміс» ЖШС-нің бастамасымен және тікелей қолдауымен ашылғанын атап өткім келеді»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Аталған серіктестік директоры Зайда Арынбаева өз ұйымының орта­лыққа арнап дұрыс тамақтану үшін түр­лі диеталар туралы нұсқаулықтар, бук­леттер дайындағанын айтып өтті.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: