ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘЖІЛІС ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСАТЫН САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҮМІТКЕРЛЕРГЕ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН «QULAN TAŃY» ГАЗЕТІНІҢ БЕТІНДЕ БАСПАСӨЗДЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
Т.Рысқұлов аудандық «Qulan tańy» газеті 1940 жылдың мамырынан бастап шығады. Газет сейсенбі, жұма күндері аптасына екі рет қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді. Форматы – Д2. Бірінші және соңғы беті түрлі-түсті. Таралымы – 1993.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 1,2,3-тармағына сәйкес аудандық «Qulan tańy» газеті редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде жариялайды.
Үгіт материалын үміткердің өзі дайындайды.Үгіт материалын газетке ұсыну үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілінен сұралатын қажетті құжат:
1. Редакцияға кандидат немесе сенімді өкілдің толық аты-жөні, тіркелу нөмірі, күні, сағаты, сайлау округі толық жазылған, кандидат немесе сенімді өкілдің қолы қойылған жазбаша өтініш береді.
2. Құжаттардың көшірмесі және жеке куәлігі нотариалды бекітіліп берілуі керек.
Үгіт материалдарын жариялаудың тәртібі
Редакция тіркелген саяси партиялар мен кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін баспасөз бетінен орын береді. Кандидаттардың газетке шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, материалдардың жариялану ретін жеребе бойынша белгіленеді. Жазбаша өтініш редакцияға келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде лайықты орын берілгені үшін «Qulan tańy» газеті және кандидат мақаланың жариялану ақысы жайында екіжақты келісімшарт жасасады. Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына жүз пайыз көлемінде түскеннен кейін барып бір-ақ жарияланады.
Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі
Кандидаттар мен саяси партиялар өкілдері үгіт материалының мәтінін редакцияға «Qulan tańy» газетінің кезекті саны жарыққа шықпай тұрып, үш күн қалған мерзімге дейін ұсынуы тиіс. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек(дискета, диск, электрондық пошта). Берілген күні және тіркеу нөмірі материалдың жазбаша нұсқасы редакцияға екі данамен тапсырылып, оған рекдакция тарапынан қабылданған күні, уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні, қызметі жазылып, қол қойылады. Мәтіннің біреуі газеттің жарнама бөліміне тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс. ҚР «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары жарияланбайды.
Үгіт материалдарын жариялаудың төлем тәртібі
Кандидат, саяси партиялар немесе олардың сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын жүз пайыз төлейді. Төлемақы редакцияның алдын ала келісімшартта қарастырылғандай арнайы реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек.
Баспасөзде ақпараттық үгіт материалдарын орналастыру құны ішкі беттерде 1 шаршы сантиметрі – 100(жүз) теңге.
-Модульдық жарнама (ішкі беттерге 2,3) см2 100-00
-Инфографика (газет бетіне) см2 200-00