Бағдарлама болашаққа жетелейді

635 Views

Бүгінгі ақпараттандыру заманында өмірді озық үлгідегі технологияларсыз елестету мүмкін емес. Жаһанның жылдам әрі екпінді дамуы нәтижесінде ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды. Тіпті, ақпараттық мемлекет деген жаңа термин пайда болды. Осы мақсатта Қазақстан Респуб­­ликасы Президентінің жар­лы­ғы­мен 2013 жылы 8 қаңтарда «Ақпа­раттық Қазақстан — 2020» мемлекеттік бағдар­ламасы бекітілді.
Ақпараттық қоғам дегеніміз не? Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процесстер мен құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы пайдалануға болады. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері компью­терлердің болуы, компьютерлік желі­лерді және күнделікті қызметте коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі болып табылады.
Ақпараттық қоғам техноло­гия­лардың инфрақұрылымы есебінен халық­тың хал-ахуалының жоғары дең­гейіне жетуге бағытталған.
Қазақстан өз кезегінде жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасу про­цесіне барынша үлес қосуда. Сол себепті барлық қажетті шарттарды тудыру үшін «Ақпараттық Қазақстан — 2020» мемлекеттік бағдарламасы әзір­лен­ген. Олар біздің елдің ақпараттық қоғамға толыққанды ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қоғамды жаңғыртудың маңызды факторы болып табылады. Адамдардың өмір сүру салтына, экономикалық көрсеткіштерге ықпал етуі қазіргі мемлекет өмірі мен экономикасы үшін аса маңызды.
Соңғы жылдары ақпараттық комму­никациялық технологиялар елімізде маңызды серпін жасады. Мысалы, алғашқылардың бірі болып біздің саламызда, яғни Әділет органдары Егов мемлекеттік порталы арқылы 15 минутта тіркеу, қайта тіркеу, таратылуын тіркеуді енгізді.
Халыққа және бизнеске ұсыны­латын қызметтердің сапасын арттыруда «Азаматтарға арналған үкімет» қыз­метін жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Мемлекеттік орган­дардың интернет-ресурстары, вир­туалды қабылдау, интернет-кон­ференциялар ар­қылы халық пен мемлекеттің кері байланысы мен диало­гының ме­ханизмдері іске асырыл­ды. Бірақ ақ­па­раттық қоғамды құру осымен аяқтал­майды, үздіксіз жұмыс жүргізілуде.
Бағдарламада қолжетімді элек­тронды денсаулық сақтаудың қызмет­терін алуға, қашықтықтан жұмыс істеуге, өмірлік оқу және дайындық, электрондық білім арқылы ақпараттық технологиялармен жұмыстардың дағдыларын алуға және меңгеруге азаматтардың толық мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, біздің елдің неғұрлым ашық, қолжетімді және бәсекеге қабілетті экономикасын құру мақсатында зият­керлік жүйелерді барынша көп енгізу көзделеді.

Т.Расилов,
ауданаралық Әділет басқармасының басшысы.

Поделиться ссылкой: