Тарихы бай өлке

905 Views

Тарихи, қасиетті орындар ұғымын халық санасына сіңірудің ерекше маңыздылығын атап өткен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары негізінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасауды тапсырды. Ұлы даланың жеті қыры – ұлтжандылық пен отаншылдықтың төлқұжаты, қайнар көзі, ұлтымыздың арғы, бергі тарихы, салт-дәстүрі, тұрмыс тіршілігі дер едім. Балбал тастардағы петроглифтер, жартастардағы жануарлар бейнесі, Орхон-Енисей жазулары, Алтын адам қорғанынан шыққан ыдыстағы жазу мәдени-рухани жауһарларымыз болып табылады. Жалпы ұлттық қасиеті бар көне орындар неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын сим­вол­дық қалқанымыз, ұлттық мақта­нышымыздың қайнар бұлағы деу керек.
Еліміздегі барлық қасиетті деген нысандар бес топқа жіктеледі:
1. Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштер, киелі орындар.
2.Археологиялық ескерткіштер, орта ғасырлық қалалар, қалашықтар, бекіністер, мекендер, жұрттар петро­глиф­тер, балбал тастар, қорымдар, обалар.
3.Діни және ғибадат орындары: әулиелерге қатысты киелі орындар, аты аңызға айналған көне түркі дәуірі мен орта ғасырдағы, XIX ғасырдың аяғы –ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі тарихи тұлғаларға катысты орындар.
4.Тарихи тұлғалар: хандар, батырлар, билер, ұлт-азаттық қозғалыстың же­тек­­шілері, қолбасшылар, қоғамға, білім­ге, мәдениетімізге үлес қосқан қай­раткерлер, ақындар, ғалымдар, ағар­ту­шыларға қатысты қасиетті орындар.
5. Саяси, тарихи оқиғаларға байла­­­нысты қасиетті орындар: қа­зақ халқының тәуелсіздігі, бір­лігі үшін болған шайқастарда ерлік­ті, батыр­лықты, қайсарлықты насихат­тай­тын, елдің бірлігін білдіретін ескерт­кіштер.
Қазіргі таңда облысымызда қа­сиет­ті орындарды анықтап, оның тізімін жасау қолға алынды. Тұрар Рысқұлов ауданының мәдениет бөлімі, мұражай, кәсіпкерлік бөлімі аудан әкімінің тапсырысымен өлкетанушы, тарихшыларды осы іске тартып, киелі жерлердің географиясын жасауды қолға алды. Осынау күрделі жұмысты барлық ауылдың әкімдері, мектеп басшыларының, ақсақалдар алқасы төраға­ларының жетекшілігімен ауыл­дың қазыналы қариялары, ұстаздары, оқушылары, жастардан құралған өлкетанушылар тобы төмендегі жоба бойынша ауыл тарихын зерделейтін болады. Дәлірек айтқанда:
1. Ауылдың, көшелердің, мектептің, мекеменің, жер-су аттарының тарихын зерделеу.
2. Әр жанұя тарихын жинау арқылы ауыл тарихын дайындау.
3. ХХ ғасырға дейінгі билер, батыр­лар, ақындар, жыраулар, күйшілер.
4.ХХ ғасырдың 30-шы жылдарын­дағы ауылдың қоғамдық, саяси эконо­микалық, әлеуметтік өмірі.
А)1928 жылғы тәркілеуге ұшыра­ғандар.
Ә)1929-30 жылдардағы артель, колхоз ұйымдастыру.
Б)Ақыртөбе-Луговой-Меркі; Луго­вой-Семей теміржолын салғандар.
В) 1932-1933 жылдардағы ашаршы­лық зұлматы.
Г) 1937-1938 жылдардағы жаппай жазалауға ұшырағандар.
5.1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар, соғыстан оралғандар дерегін, тізімін жасау.
А) «Данқ», «Жауынгерлік Қызыл ту», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталғандар.
Ә)Тыл, еңбек майдан­дарын­да, шахтада еңбек еткендер, еңбек озат­тары, майданға киім-кешек, азық жина­ған, қаржылай көмек бергендер.
Б)1945-1991 жылдардағы озық еңбектері үшін мемлекеттік марапат: «Ленин», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл ту», «Еңбек Даңқы» ордендерімен марапатталғандар.
В) Қоғам, кеңес, партия, білім-ғылым, мәдениет, ақын-жазушы, журналисттер, өнер, қол өнер, спорт қайраткерлері.
Мұражай жасауға деректер жинау үшін:
1.Құжаттар, газет, журнал қиынды­лары, суреттер, жәдігерлер, үй бұйым­дары, шаруашылық құралдарын жинау.
2.Аудандық, облыстық мұрағаттар мен мұражайлардан деректер көшір­месін алу.
3.Соғысқа дейін Қызыл Армияға, Ұлы Отан соғысына шақырылғандардың тізімін, дерегін Меркі қорғаныс бөлі­міндегі «Әліпби» кітабынан және «хабарсыз», «қаза тапты» деген мәлімет­тің көшірмесін военкомға бекітіп алу.
4.Соғыстан оралғандардың дерегін әскери билеттерден немесе Т.Рысқұлов ауданындағы, қорғаныс бөліміндегі жауынгердің «есеп карточкасынан» көшірме алу.
5.Жиналған дерек, мәлімет, жәдігер­лерден Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ауыл мектептерінде мұражайлар ашу және мұражайлардың аудандық байқауына қатысу.
6.Ауыл аймақтағы тарихи ескерт­кіштердің мәліметін облыстық «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы» атты кітаптан суреттер, дерек­терін алып мұражайға орналастыру.
Облыстық туристтік бағыттарға енген ауданымыздың тарихи орындары:
«Әулие Топағаш», Соқақ тауындағы «Тас үңгір», Ақсарайдағы «Үңгір қора».
Археологиялық ескерткіштер:
1. Қайыңды, Өрнек, Құмарық, Қарақат, Мөңке-Керуен сарайлары.
2. Өрнек, Құлан, Қарақыстақ қала жұрттары, «Өрнек» киелі тасы.
3. Сөгеті, Қоңыртөбе, Өрнек, Ақыртөбе, Құлан мекен жұрттары.
4. Құмарық, Құлан, Қарақыстақ архитектуралық ескерткіш үйлері.
5. Қайыңды, Жарлысу, Ойранды-Тас қоршаулары.
6. Мамай-Қайың­ды, Талды­бұлақ, Тұйықтөр, Жарлы­су, Шы­бынды, Талдысу-Қаратастағы суреттер және Соқақтас үңгірі.
Аты аталған ауылдардағы туристерге қызмет көрсететін шаруа қожалықтары және Жарлысудағы Қарабұлақ шипа­жайы, Қарақыстақ демалыс орын­дарының иелері келушілерге қызмет көрсететін болсаңыздар, аудандық кәсіпкерлік бөлімге немесе төменде көрсетілген байланыс телефондарына хабарласыңыздар.

Бекқұлы Әліұлы,
өлкетанушы.
Байланыс телефондары:
87263125457, 87752394045

Поделиться ссылкой: