Егін орағы бел ортадан асты

812 Views

Егінжайдан ескен леп

Егін орағы бел ортадан асты

Аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімі берген мәліметке сүйенсек, биыл аудандағы егін шаруашылығын кәсіп еткен агроқұрылымдар 86666 гектар жерге масақты дақылдар еккен. Соның қазіргі кезде 50057

гектары орылды. Бұл егін орағы бел ортадан асқанын көрсетеді. Нақты айтқанда, егістіктің 57,7 пайызын игерген ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер гектарынан 22,5 центнерден өнім алуда. Жалпы түсім 112628 тоннаны құрайды. Оның ішінде 3208 гектарға орналасқан жаздық бидай толығымен орылып, 100 пайызға игерілсе, күздік бидай 78,6 пайызға, арпа 39 пайызға орындалған.

Орылған дәнді төкпей-шашпай жинап алу жолында 162 комбайн, 80 трактор, 169 жүк көлігін жұмылдырған ауыл еңбеккерлерінің бел жазып, еңсе тіктеуге уақыты жоқ. «Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды» дейтін халық даналығын ескеріп, бір сәтке де тыным табатын емес. Осы қарқындарынан танбаса көп өтпей егін орағы аяқталып, шаруашылық қырмандары мен қоймалары алтын дәнге толатыны анық.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: