Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Үстіміздегі жылдың 1 маусымында Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Парламент депутаттары мен Үкімет және жергілікті атқарушы органдардың мүшелерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өткен болатын. Онда партияны жүйелі жаңғырту және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жасау ісін ұйымдастыру мәселелері қаралған еді. Саяси кеңес отырысында өзекті мәселелер талқыланып, көп істің басы ашылды. Елбасы көптеген тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қадағалауды «Нұр Отан» партиясына тапсырды. Мемлекет басшысы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын және партияның цифрландыру саласындағы жобаларын орындаудың маңыз-дылығына назар аударды. Бағдарламаның басты мақсаты -цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру. Аталған бағдарламаны Елбасының ерекше атап өтетіндей жөні бар. Өйткені, цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдарында-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды. Сымсыз телефондар мен желілік телеарналар да осы бағдарламаның жемісі. Демек, ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған ХХІ ғасырда IT саласын жетілдірмесек, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге арман болып қалары анық. Өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшу арқылы өнеркәсібін дамытып, халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді. «Біздің елімізде де үлкен экономикалық және технологиялық оң өзгерістер болуы тиіс» десек, Елбасы айтқандай IT саласына басымдық берілуі керек. Ал, оның орындалуын бақылау – біздің басты міндеттеріміздің бірі.
Қ.АРЫСТАНБЕКОВ, «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.