Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
Тұңғыш Президент күніне орай ауданымызда көптеген ілкімді іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл сөзіміздің айғағы ретінде аудан әкімдігінің білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен шахматтан мұғалімдер арасындағы турнирді айтсақ болады.
Аталмыш турнирге жалпы жиынтығы 27 педагог қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Нәтижесінде ерлер арасында Алғабас орта мектебінің мұғалімі Абылайхан Шантаев жүлделі ІІІ орынға ие болса, Ақбұлақ орта мектебінің мұғалімі Ниязбек Кайпов жүлделі ІІ орынды өз еншісіне жазды. Жүлделі І орын №1 мектеп-лицейінің мұғалімі Жандос Адибаевқа бұйырды. Әйелдер арасында Малдыбай орта мектебінің мұғалімі Қарлығаш Эминова үздік үштіктің қатарына енсе, ІІ орынға №1 мектеп-лицейінің мұғалімі Мейраш Сегизбаева ие болды. Әйелдер жарысында М.Горький атындағы орта мектептің мұғалімі Венера Сейтниязова жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хатпен бірге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Марат Диханбай.