28187 НАУҚАС ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТЫЛДЫ

407 Views

Т.Рысқұлов ауданы бойынша 2020 жылдың 26 қарашасына дейін ауру белгілері бар 187 адам тіркелді. Оның ішінде ауру белгілері бары – 68 адам болса, ауру белгілері жоқ – 119 науқасты құрады. Өкінішке орай Құланда – 81, Луговойда – 37, Қарақыстақта – 12, Жаңатұрмыста – 2, Құмарықта – 4, Көгершінде – 13, Өрнекте – 4, Көкдөненде – 5, Ақбұлақта –10, Ақыртөбеде – 5, Абайда – 6, Қайыңдыда – 3, Д.Қонаевта –1,Тереңөзекте – 4 адам індетті жұқтырып алды. Естеріңізге сала кетейік, бұл осы күнге дейін тіркелген науқастардың нақты саны.
Ал ауданымызда соңғы қараша айының өзінде 10 науқас тіркелді. Оның ішінде ауру белгілері бары – 2, ауру белгілері жоқ – 8 адам. Олардың үшеуі Құлан ауылында тіркелсе, Көгершінде де дәл осындай көрсеткіш орын алды. Тасшолақтан 2 науқас анықталса, Луговой мен Тереңөзекте бір-бір науқастан індет көрсеткіштері расталды. Барлық ауру белгілерімен анықталған азаматтардан тест алынып, бүгінгі таңда олардың біреуі Тараз қаласында орналасқан ауруханада емделуде. Ал Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында бір жерлесіміз ем қабылдауда. Сондай-ақ, үй карантинінде 7 адам амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Осы аурулармен жақын қатынаста болған 60 адам үй карантиніне алынды.
Індетті жұқтырған азаматтардың бі­рі індетті ауданда жұқтырып, Алма­ты­ға іс-сапармен барған. Ал екеуі Нұр-Сұлтан қаласына барып, жұқтырып алса, бір науқас Қырғызстанға барып келген.
Бүгінде коронавирус жұқпалы ауруының алдын-алу және таралмау іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында науқастарды топтастырмау үшін аурухана мамандары үйден қызмет көрсету жұмыстарын күшейтті. Биылғы жылдың 20 наурыз бен 16 қараша аралығында барлығы 218 млн 733424 теңгенің дәрі-дәрмегі мейірбикелер арқылы 28187 науқасқа таратылып, тікелей үйлеріне жеткізілді. Бастапқы медициналық-санитариялық ұйым мамандарымен 153775 шаңырақ араланып, үйге телефон шалу арқылы 51937 байланыс орнатылды. Коронавирус жұқпалы ауруының алдын-алу және таралмау жұмыстары күшейтіліп, тұрғындар үшін барлығы 38000 парақша таратылды.
Ақпараттандыру жұмыстары да өз деңгейінде орындалуда. Аталмыш жұмысты жүргізу үшін 3 санитарлық-ақпараттандыру бекеттері (Құлан – 2, Луговой – 1) жасақталды. Жүйелі жоспар аясында 17000 парақша таратылып, 296726 түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік парақшаларға 21 бейнеролик салынып, басылым беттеріне 6 мақала берілді.
Жедел респираторлы инфекциямен және коронавирустық жұқпалы ауруының симптомсыз түрімен ауырған науқастарды бақылау мақсатында аудандық емдеу мекемелерінде 12 мобильді топ құрылып, елді мекендерде медициналық кө­мек көрсетілді. Қараша айының ортасына дейін 1217 қызмет көрсетілді. Мобильді топтар ақпараттандыру мақсатында тұрғындарға 12 000 парақша та­­ратты. 2020 жылдың 16 қара­шасына дейін 7410 адам­нан ПЦР анализі алынды.
Осындай қиын ке­зеңде аудандық орталық ау­руханаға демеушілік көр­сет­кен жандар жетерлік. Олар­дың көмегімен көрсетілген қаржы көлемі 30 млн-ға жет­ті. Аталмыш қаражатқа 25 оттегі концентраторы, 1 ИВЛ аппараты, медициналық құ­рал жабдықтар мен қажетті дәрі-дәрмектер алынды.
Коронавирустың бол­жалды 2-ші толқынына дайындық барысында жұқ­палы аурулар бөліміне 50 төсекті бейімдеу қарас­ты­ры­лып, барлық дайындық ша­ралары жүргізілді. Қажет­ті мамандар да жасақталды. Атап айтар болсақ, 18 дәрігер, 36 орта буынды қызметкер, 36 кіші қызметкер тізімі дайын­далды. Одан бөлек ін­детке қарсы 64 түрлі дәрі-дәр­мектен тұратын 2 айлық қор жасақталды. Дәрі-дәрмектің жалпы сомасы – 20 млн 53850 тең­гені құрайды.

Шындос Мырзалиев,
аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.

Поделиться ссылкой: